«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

ҚАРСЫЛАСПЕН ТАНЫСА ОТЫРАЙЫҚ – «РИГА» ФК
Қайрат

ҚАРСЫЛАСПЕН ТАНЫСА ОТЫРАЙЫҚ – «РИГА» ФК

21 февраля 2022
/ 06:00
«Қайрат» ФК-ның баспасөз қызметі Түркиядағы ОЖЖ-дағы бақылау матчтарындағы қарсыластарымыз туралы ақпарат жинап, сіздерге ұсынуды жалғастырады.
 
«Қайрат» ФК-ның Түркиядағы ОЖЖ кезіндегі төртінші қарсыласы – латвиялық «Рига» футбол клубы.
Латвия біріншілігінің командасы, 
2021 жылғы маусымда турнирлік кестеде 4-орынға тұрақтаған.

«Рига» ФК 2015 жылы  Екінші Лиганың «Карамба» және «Динамо» клубтарының бірігуі арқылы құрылған.

2014 жылы «Карамба» командасы Екінші Лиганы жеңіп алды, 2015 жылғы маусымда Бірінші Лигаға қатысуға мүмкіншілік алған болатын, бірақ 2015 жылдың басында команда Бірінші Лигаға қатысудан бас тартты.

2015 жылы ақпан айында, «Карамба» футбол клубы, ригалық екінші команда «Динамо» ұжымымен бірігеді.
Бірінші Лигаға қатысу үшін команда «Карамба/Динамо» атауымен тапсырыс берген.
Команданың сапын дебюттік маусымның алдында, Жоғары Лигада ойын тәжірибесі бар, латвиялық белді ойыншылармен толықтырды.

«Рига» футбол клубы Латвияның үш дүркін чемпионы (2018,2019,2020 ж.), сондай-ақ «Рига» Латвия Кубогының иегері (2018 ж.)

«Рига» ФК-ның бас бапкері 54-жасар неміс маманы Торстен Финк.

Дортмундтық «Боруссия»-ның түлегі, әрі Мюнхендік «Бавария» командасы үшін ойыншы ретінде 150-ге жуық ойын өткізген.

«Базель», «Гамбург», АПОЭЛ и жапондық «Виссел Кобе» сынды командалардың бас бапкері қызметінде болған.

«Рига» ФК-ның капитаны 2016-жылдан бері команда сапында ойнап жүрген, латвиялық қорғаушы Антоний Черномордый.

Transfermarkt порталының мәліметі бойынша, «Рига» командасының құрамы 10.76 млн. еуроға бағаланып отыр. Ең қымбат ойыншы, украиндық Владлен Юрченко, ригалық клубқа осы қысқы ауысым кезінде келген, нақты соммасы 2 млн. еуро.

«Рига» ұжымына қарсы ойын, 22 ақпан күні Алматы уақыты бойынша 20:00 де басталады.

Ойынды тікелей-эфирде «Қайрат» ФК-ның YouTube-арнасынан, және клубтың ресми сайтынан тамашалай аласыздар.

Фото-сурет: «Рига» футбол клубының ресми сайтынан алынған
arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»