«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Аршавиннің жеңіс голы
Қайрат

Аршавиннің жеңіс голы

11 марта 2018
/ 00:00

«Қайрат» өте ауыр матчта петропавлдық қонақтардан жеңісті жұлып әкетті.

«Қайрат» - «Қызыл-Жар СК» - 2:1

Голдар: Барбоза, 80, Аршавин, 87 - Пуношевач, 26

«Қайрат»: Стас Покатилов (Қ), Ян Вороговский, Нұралы Әліп, Шелдон Бато, Елдос Ахметов, Гай Ассулин (46, Аршавин), Станислав Лунин (46, Исаэль), Исламбек Қуат, Акош Элек, Бауыржан Исламхан (К) (68, Швырёв), Уго Сильвейра

Қосалқы құрам: Владимир Плотников (Қ), Магомед Парагульгов, Ғафуржан Сүйімбаев, Георгий Жуков, Айбол Әбікен, Александр Соколенко

«Қызыл-Жар СК»: Тимурбек Закиров (Қ), Михаил Венков, Гогита Гогуа, Шота Гришалашвили, Фредди Коронель, Братислав Пуношева (71, Савченко), Георгий Попхадзе, Тимур Мульдинов (73, Ступич), Андрей Шабаев, Алексей Мулдаров, Али Алиев (К)

Қосалқы құрам: Антон Цирин (Қ), Урош Делич, Аслан Жанұзақов, Карам Сұлтанов, Олжас Алтаев, Виктор Гунченко, Ильдар Аитов

Ескертулер: Сильвейра Уго 28, Пуношевач Братислав 49, Мулдаров Алексей 56, Қуат Исламбек 81, Әлиев Әли 90+2.

«Қайрат» өз алаңында маусымдағы алғашқы матчын өткізді. Алматылықтардың қарсыласы Премьер-лига-2018 жарысының жаңа командасы петропавлдық «Қызыл-Жар СК» болған. Қарсыластың қандай екенін «қызылжарлықтардың» ойыны көрсетті.

«Сары-қара түстілер» бірден допқа иелік етіп, қарсылас қақпасына бірнеше қауіпті соққылар жасаған. Бірақ гол соға алмады. 24-минутта Лунин Сильвейраға пас қалдырды. Угоға гол соғу үшін сәл ғана жетпей қалды. Екі минуттан соң қонақтар есеп ашып кетті – 0:1.

Алматылық футболшылар есепті теңестіруге ұмтылды. 31-минутта Исламхан алыстан соққы жасаған – Закиров командасын құтқарып қалды. Артынша командалар қауіпті шабуылдар жасамай, үзіліске кетті.

Ойынның екінші жартысы қайраттықтардың еншісінде болды – алматылық ойыншылар допты өз бақылауына алды. 59-минутта алыстан әуелеген доп Сильвейраға дейіт жеткен, алайда шабуылшының соққысын петропавлдық клубтың қорғанысы жауып тастады.

Келесі минуттарда «Қайрат» қонақтардың қорғанысынан саңлау іздеумен болды. Ал қонақтар алаң иелерінің қысымына төтеп бере алған. 80-минутта Исаэль Барбоза айып соққысын орындады – доп еш ойыншыға тимей, «Қызыл-Жар» қақпасына кіріп кетті.

Матч аяқталар тұста Вороговский қарсыластың екі ойыншысын алдап өтіп, Аршавинге пас асырған. Соңғысы өз командасын алға шығарды – 2:1!

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»