«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы Андрей Аршавинге «Ордабасыға» қарсы матч алдында сәуірдің үздік ойыншысы жүлдесі табысталды. Жеңімпазға жүлдені Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының президенті Олжас Абраев берді.
Бұған дейін Андрей Аршавин Премьер-лига бас бапкерлерінің арасында өткен сауалнамада ең көп ұпай жинаған болатын.