Ойыншы Instat Index-те ең жоғарғы ұпайды еншіледі.
Алматылық «Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин Премьер-лиганың алтыншы турында өткен матчтың үздік ойыншысы атанды. «Сары-қаралар» қызылордалық «Қайсарды» сенімді ұтқан болатын – 4:1. Қайраттықтар Instat Index-те жоғары ұпай алды – 273. Ойыншы бұл матчта бір гол мен бір нәтижелі пас авторы атанды. Дәл пастар пайызы – 82.
Instat Index-те екінші орынды Станислав Лунин еншіледі – 264. Ал үздік үштікті Исаэль түйіндеп тұр – 251.