«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин павлодарлық «Ертіске» (4:0) қарсы матчта бір гол мен екі нәтижелі пастың авторы атанды. Андрей Қазақстан Премьер-лигасы аясында сары-қаралар сапында 22-ші голын соққан. Осылайша, ол Қазақстан чемпионаты тарихында алматылық клубтың үздік он сұрмергендерінің тізіміне енді.
Жалпы алғанда, Аршавин «Қайраттың» жейдесімен барлық турнирде 89 матчқа қатысып, 28 гол мен 34 нәтижелі пастың авторы атанды.