«Қайрат» жартылай қорғаушысы «Ақсуды» жеңгені (4:1) және жарақаттан кейін алаңға оралғаны туралы айтты.
– Көп рақмет! Алаңға оралғаныма қуаныштымын. Осы сәтті көп күттім. Сонымен қатар шыққан кезде барлығы шапалақ ұрып, мені қолдады. Бұл да маған қосымша күш берді.
– Кирилл Сергеевич бойымда эмоция мен андреналинге толы екенін айтты. Өзіңді ұстап, алаңда салқынқанды болып, абайлап ойнауың керек деді.
– «Қызылжар» қыр соңымыздан қалмай келе жатқандықтан, мақсат – үш ұпай алып, басып озуымыз керек болды.
– Әзірге ондай болған жоқ. Қорқыныш жоқ, бірақ енді байқап ойнап жүрмін.
– Қанша уақыт екенін білмеймін. Сүйегім қатайғанша ғой деймін. Бас сүйегіме арнайы пластина салмады, сондықтан бас киіммен ойнауға тура келеді.
– Жақындарым мен туыстарымның қолдауы көп көмектесті. Қызым күнде ауруханаға келіп тұрды. Достарым мен командадағы әріптестерім келетін. Ауруханадан шыққаннан кейін клуб дәрігері Дастан Тұралиевпен бірге ештеңені назардан тыс қалдырмау үшін түрлі медициналық тексеруден өттік. Қазіргі жағдайыма қажет. Дастан сауықтыру жоспарымды жасады. Кейін реабилитолог Бекжан Пірмахановқа қаралдым. Содан кейін ғана дене шынықтыру бапкері Артём Савельевпен жеке жаттығуларға кірістім.
– 1,5 – 2 айлық жеке жұмыстан кейін біз бапкерлер мен медициналық қызметкерлермен бірлесе отырып, алаңға шығуға дайынмын деп шештік. Алаңға тезірек оралғым келді. Көңіл күйім де жақсы болды.
– Мені қолдаған жандарға көп рақмет айтқым келеді. Командаластарыма, медицина қызметкерлеріне, бапкерлерге, клуб басшылығына, сондай-ақ мен үшін алаңдаған бүкіл футбол қауымына мың алғыс. Менің атым жазылған футболканы киіп шыққан командаға және голын маған арнаған Слава Швыревке рақмет. Жақыным Дәкеге ерекше алғыс айтамын (күлді). Әлеуметтік желіде мұндай жарақаттан кейін футболға қайта орала алмайсың деп жазғандар да болды. Мұндай хаттарды оқыған ауыр, бірақ бір жағынан бұл маған керісінше өзімді дәлелдеуге мотивация болды деп айта аламын.