«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Арманға апарар жол
Клуб жаңалықтары

Арманға апарар жол

19 июня 2018
/ 00:00

Алматыда «Қайрат» футбол клубының қолдауымен «Арманға апарар жол» футболдан Қазақстан чемпионатының финалдық ойындары басталды.

19 маусымда Алматыда балалар үйлерінің тәрбиеленушілері арасында футболдан «Арманға апарар жол» атты чемпионаттың финалдық кезеңіндегі ойындар басталды. Жеңімпаз үшін басты жүлде – Францияға «Пари Сен-Жермен» клубының футбол базасына сапар.

«Қайрат» негізгі құрамының ойыншысы Елдос Ахметов чемпионат финалдық кезеңінің ашылу салтанатына қатысып, турнир қатысушыларына қолдау көрсетті:

- Сендер мінездеріңді танытып, еліміздегі үздік командалар қатарына ендіңдер. Бұл еңбектерің міндетті түрде жеміс әкеледі. Өз күштеріңе сеніңдер және бір тұтас болыңдар. Себебі футбол – командалық ойын, - деді Ахметов. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»