«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Арманға апарар жол
Қайрат

Арманға апарар жол

27 апреля 2018
/ 00:00

Алматыда балалар үйі мен мектеп-интернаттар арасында футбол турнирі басталды.

Оңтүстік астанамызда балалар үйі мен мектеп-интернат тәрбиеленушілері арасында футболдан жыл сайынғы турнир басталды. Оны ұйымдастырушылар – «Бауыржан» қоры. Бұл турнирдің ашылу салтанатына дәстүрлі түрде «Қайрат» футбол клубы да белсенді түрде қатысты. Биылғы жылдың ерекшелігі – футбол «мерекесінің» жеңімпаздары Францияға аттанып, «Пари Сен-Жермен» футбол клубында қонақта болады.

Турнирге Қазақстанның 13 облысынан 21 түрлі команда қатысады және бір ай бойы үздік ұжым атағына таласады. Ең басты жүлде – «Паре де Пренс» стадионында қонақта болу және Неймар, Тиаго Сильва және Килиан Мбаппе сынды атақты футболшылармен жүздесу.

Турнирдің басталуына орай өткен баспасөз-мәслихатына және ашылу салтанатына «Қайрат» футбол клубының ардагерлері Құралбек Ордабаев пен Виктор Катков қатысты. Олар баспасөз-қызметіне берген сұқбатында мұндай турнирлердің болашақта үлкен кәсіпқойлар, әлемге танымал футболшы болуды армандайтын балалар үшін нағыз мүмкіндік екенін атап өтті.

Алматы мен Алматы облысындағы балалар үйлері арасында «Арманға апарар жол» футбол чемпионатының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчтар. Турнирдің негізгі кезеңіне қатысу үшін үл команда бақ таласты, мұнда №1 Алматы облыстық балалар үйінің «Барыс» командасы үздік атанды. Олар Еуропа жүрегіне бару үшін Қазақстанның басқа да 9 командасымен күш сынасады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»