«Қайрат» ФК-ның Тимур Сегізбаев атындағы Жасөспірімдер Академиясының баспасөз-залында команда тәрбиеленушілері мен алматылық футбол клубы ардагерлер корпусының өкілдері арасында дәстүрлі кездесу өтті.
Жасөспірімдер мен Халық командасының даңқты тарихын жасаған адамдар арасындағы тәжірибе алмасу дәстүрге айналды. Бұл жолы жасөспірімдерге қонақ болып даңқты қайраттықтар Құралбек Ордабаев, Ваит Талғаев пен Владимир Никитенко келді. Ұрпақтардың сабақтастығы «Қайраттың» ішкі идеологиясының негіздерінің бірі саналады. Оқу-тәрбиелеу жұмысы аясында команданың тарихи кезеңдерін тану және өткен жылдардағы маңызды жеңістерге қол жекізгендерге құрмет көрсетуді қазіргі резервистердің бойына сіңіріп жатырмыз.
Жемісті кездесу аяқталған соң ардагерлер мен жас ойыншылар «Қайраттың» негізгі құрамына ОЖЖ-дағы, жақындап қалған ұлттық Суперкубоктағы ойындарда, алдағы маусымдағы басқа да матчтарда сәттілік тіледі.
Естеріңізге салсақ, ұлттық Суперкубок үшін өтетін ойын Қазақстанда футболдан ресми сайыстарды ашады. Бұл кездесу үшінші наурызда Алматыдағы «Орталық» стадионда өтеді.