«Қайраттың» ресейлік жартылай қорғаушысы Антон Крачковский клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында Қазақстан Кубогының 1/4 финалындағы «Атырауға» қарсы өткен қарымта ойынға (1:2) қатысты пікір білдірді:
– Жеңіліп қалғанымыз өкінішті. Өкінішке қарай, Қазақстан Кубогынан шығып қалдық. Бірінші және екінші таймда бар мүмкіндіктерді қолдануымыз керек еді. Болмайтын қателердің кесірінен екі гол жіберіп алдық, бірақ болар іс болды... Алда қысқа үзіліске шығамыз. Келесі «Қызылжарға» қарсы ойынға дайындаламыз. Алдағы матчтарда жеңіске жетуге тырысамыз.