Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінде «Қайрат» чехиялық «Сигмаға» есе жіберді.
«Сигма» - «Қайрат» - 2:0
Голдар: Сладки, 21, Пиларж, 51
«Сигма»: Милош Бухта (Қ) - Мартин Сладки, Ян Штерба, Вацлав Емелка, Михал Вепршек (К) - Шимон Фалта, Лукаш Калвач, Якуб Плшек (85, Иунис), Давид Гоуска, Вацлав Пиларж (63, Гала) - Мартин Нешпор
Резерв: Михал Рейхл (Қ) - Роман Полом - Иржи Тексл, Томаш Заградничек, Бидже Манзиа
«Қайрат»: Владимир Плотников (Қ) - Станислав Лунин, Шелдон Бато, Сергей Политевич, Ғафуржан Сүйімбаев - Акош Элек, Хуан Фелипе, Бауыржан Исламхан (К) (79, Иличевич) - Андрей Аршавин (53, Қуат), Исаэль, Адеринсола Эсеола (57, Эппель)
Резерв: Стас Покатилов (Қ) - Айбол Әбікен, Ян Вороговский - Александр Соколенко, Иво Иличевич
Алматылық команданы Чехияда ауыр сапар күтіп тұрған. Команда құрамындағы үлкен айырмашылыққа қарамастан, «Сигма» өзін қауіпті қарсылас екенін көрсете алды.
Алғашқы он минут алаң иелерінің басымдығымен өтті. Чехиялық футболшылар қауіпті үш шабуыл жасады. «Қайрат» көбіне қорғаныста ойнап, қарымта шабуылдарға шығып тұрды.
Сондай шабуылдардың екеуінде алматылықтар өз мүмкіндіктерін пайдалануға жақын болған. Біреуінде украиналық Эсеола белсенді болған, ал екінші қауіптірек шықты: команда капитаны Бауыржан Исламхан «Сигманың» қорғанысынан сытылып өтіп, сол аяғымен жақын бұрышты көздеді, бірақ доп сәл ғана қиыс кетті.
21-минутта алаң иелерінің ойыншысы Сладки әдемі соққымен есеп ашты – 1:0. Қалған уақытта «Қайрат», өкінішке қарай, ештеңе көрсете алмай, артынша он ойыншымен қалды: Ғафуржан Сүйімбаев ойын тәртібін бұзғаны үшін алаңнан қуылды.
Екінші таймда «Сигма» басымдығын ұлғайтты – 2:0, Пиларж өз мүмкіндігін пайдалана алды. 68-минутта Впршек екінші сары қағазын алып, командалардың ойыншылар саны теңесті.
Өкінішке қарай, негізгі уақыттың соңына дейін «Қайрат» қарсылас қақпасына гол соға алмады – 2:0.