«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Андриан Сосновский: «Чемпионат көшбасшыларының бірімен кездестік»
Қайрат

Андриан Сосновский: «Чемпионат көшбасшыларының бірімен кездестік»

27 мая 2018
/ 00:00

«Атыраудың» бас бапкері «Қайратқа» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірімен бөлісті.

- Чемпионат көшбасшыларының бірімен кездестік. Олардың мүмкіндігін, қаншалықты мықты екенін білдік. Бірінші таймда пастар өте көп болды. Осынша пас ешқандай ойында болмаған шығар. Қарсыластың қорғанысын қос қанат арқылы ашуға тырыстық, бірақ шешуші пас дәл барған жоқ.

Қорғаныста да, қақпашы да қарапайым қателіктер жіберді. Мысалы, кеше Чемпиондар лигасының финалдық матчында мұндай қателіктердің болатынын көрдіңіздер – бұл футбол. Бүгін ешкімге сын айта алмаймын, алаңда бос жүрген ешкім болмады. Бәрі де бар күшін салып, ойынға қойылған жоспар бойынша ойнады.

Біз ұмтылған қарымта шабуылдар, біз жіберген мүмкіндіктер – осындай нәтижеге алып келді. Бірақ біз дұрыс жолдамыз деп ойлаймын және жігіттер ойында бар күшін салар болса, қателіктер жібермесек, екі ойыншысының бюджеті біздің бюджетімізбен бірдей командаларды ұта аламыз. Енді қателіктер бойынша жұмыс істейміз. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»