24 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Андрей Ульшин келісімшарт мерзімі аяқталған соң «Қайраттан» кетеді.
Ульшин – клуб түлегі. Оның негізгі командадағы дебюті 2020 жылы Премьер-лиганың 19-турындағы «Қызылжарға» қарсы матчта (2:3) өтті. Андрей «Қайраттағы» мансабында 81 матч өткізіп, 9 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.
Ол – екі дүркін Премьер-лига чемпионы және Қазақстан Кубогы иегері.
«Қайрат» футбол клубы Андрейге командаға қосқан үлесі үшін алғыс айтып, алдағы мансабында сәттілік тілейді.