«Қайрат» жастар командасының жартылай қорғаушысы Андрей Ульшин «Қайсарға» қарсы тең ойын жайында өз пікірімен бөлісті.
- Матч ауыр болды, себебі ойынның жартысынан көп бөлігін он ойыншымен өткіздік. Соған қарамастан, алға шыға алдық, бірақ басымдықты, өкінішке қарай, ұстап қала алмадық.
- «Ордабасымен» матчтан кейін, өкінішке қарай, команда төрт ойын бойы жеңе алмай келеді: бұл команданың ойындағы тоқырауына байланысты ма әлде басқа себеп бар ма, қалай ойлайсың?
- Бұл командалық тоқырау деп ойламаймын. Кей матчтарда сәттілік жолдас болмады. Бірақ біздің командамыз салын суға кетірмей, ең жоғарғы орындар үшін күреседі.