«Қызыл-Жар СК» командасының бас бапкері «Қайратқа» қарсы матч нәтижесі туралы ойын айтты.
— Шынымды айтсам, мұндай ойыннан кейін бір нәрсе деу қиын. Екі түрлі тайм болды, бірінші таймда екінші нөмірмен ойнадық. Ал үзілістен соң позициялық екі қате жібердік, қарсылас сөйтіп гол соғып кетті. Үшінші гол қажет емес те еді, бірақ «ва-банкке» бардық, жоғалтар ештеңеміз болмады. Алаңда барын салған ойыншыларға назым жоқ, бәрі де ойында жанын салды. Қорғаныс арқылы ойнағымыз келген, бірінші тайм солай өтті. Екінші таймда Андрей Аршавиннің алаңға шығар-шықпасына көңіл бөлдік. Күткеніміздей, ол алаңға шығып, әдемі паспен гол жасап берді – бұл футболшының деңгейі. Артынша біздің назарымызды аударған Исаэль де шығып, допқа алғаш жанасуымен-ақ үшінші голды соғып кетті.