«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Андрей Карпович: «Тең есеп  – әділетті»
Қайрат

Андрей Карпович: «Тең есеп – әділетті»

21 октября 2018
/ 00:00

«Қайрат» командасының бас бапкері қызметін атқарушы Андрей Карпович «Тобылға» қарсы өткен матчтың нәтижесіне қатысты пікір білдірді.

- Ойынға қатысты айтатын болсам, қарсыластың қарымды екенін білдік. Бұл команда турнирлік кестедегі ең жақын қарсыласымыз. Оларға бұл жерде ұпай алу өте маңызды болды. Бірақ соңғы кездегі сәтсіздіктердің әсерінен гол соғатын сәттерде команданың өзіне сенімсіз болғанын байқадым. Қақпамызды құрғақ сақтап қалғанымыз қуантады, алайда біз де гол соға алмадық. Әлі атқаратын шаруа көп.

Уақыт келе бәрін реттейміз деп сенемін. Ойында көп өзгерістер болады деп ойлағандар қателеседі. Өйткені өткен матчтан бері аз ғана уақыт өтті ғой. Біздің бас бапкер ауысты. Бұл өз кезегінде әсер етеді. Меніңше, тең есеп - әділетті нәтиже. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»