«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Андрей Карпович: «Матчтың барлығын дерлік қорғаныста ойнадық»
Қайрат

Андрей Карпович: «Матчтың барлығын дерлік қорғаныста ойнадық»

25 августа 2019
/ 11:00

«Оқжетпес» командасының бас бапкері «Қайратқа» қарсы матчтағы өз командасының ойынына қатысты өз пікірін білдірді.

- Біз осындай нәтижеге және жеңіске қуаныштымыз. Әрине, матч біз үшін қиын болды. Матчтың барлығын дерлік қорғаныста ойнадық. Ойын туралы бір нәрсе айту өте қиын, бірақ біз нәтижеге ризамыз. Жақсы ойнайтын адам әрдайым футболда жеңе бермейді. Бүгін сәттілік біздің жағымызда болғанын мойындау қажет.

- «Астанамен» ойынның ауысуына өз пікіріңізді білдіріңізші. Бұл команданың ойынына әсер ете ме?

- Әрине, әсер етеді. Келесі матчқа 21 күн қалды, бұл үлкен мәселе, бірақ бұл өмір. Егер менің қалауым болса, мен бұл матчты ауыстырмас едім. Шешімдер қабылдайтын басшылар бар және де бұл олар үшін қойылатын сұрақ.

- Сіз үшін «Қайратқа» қарсы матчта жеке бір нәрсе болды ма?

- Жеке ештеңе болған жоқ. Мен бапкерлік жұмысымды бастаған  «Қайратқа» ризамын. Қала, клуб, стадиондағы атмосфера мен табиғи алаңнан тек жағымды эмоциялар. Спорт болғасын, әрине, әрдайым жеңіске жеткім келеді. Біз бұл матчтың  өте қиын болатынын түсіндік, әсіресе «Қайрат» чемпиондыққа күресіп жатқандықтан. Биыл олар чемпион бола алатынына сенімдімін, мен оларға соны тілеймін.

 - «Қайраттың» өз алаңдағы жеңілісінен кейін, чемпиондыққа мүмкіндігін қазір қалай  бағалайсыз?

- Түгелімен мен ештеңе өзгермеді деп ойлаймын. Алда лидерлер мен бәсекелестер арасында бетпе-бет кездесулер бар. Әлі де көп матчтар бар. Әрине, алдыңғы орындар үшін күрескенде жеңіліп қалу жағымсыз, бірақ бұл футбол, сондықтан менің ойымша мұнда ешқандай қайғыратын жағдай жоқ.

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»