«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Андрей Карпович: «Біз қазақстандық футболшылармен де жүлде ұтып алуға болатынын көрсеттік»
Қайрат

Андрей Карпович: «Біз қазақстандық футболшылармен де жүлде ұтып алуға болатынын көрсеттік»

24 ноября 2018
/ 00:00

«Қайрат» бас бапкерінің міндетін атқарушы Андрей Карпович – Қазақстан кубогының финалындағы жеңіс жайында.

- Біз мақсатымызға қол жеткіздік. Біз үшін бұл маңызды трофей, өйткені біз тек қазақстандық ойыншылармен ғана өнер көрсеттік, соның арқасында, бұл жеңіс екі есе жағымды. Бәрі де қуанышты – бұл бүкіл қазақстандық футбол үшін керемет оқиға. Біз өз футболшыларымызбен де жеңіске жете алатынымызды көрсеттік.

- Соғылмаған пенальтиден соң, қандай эмоцияда болдыңыз?

- Шынын айтсам, мен бұл сәтті көрмедім. Пенальти болды ма, жоқ па, айта алмаймын. Соққының өзін айтар болсақ, мұндай жағдайлар болып тұрады: кубок финалындағы осындай қысым кезінде, тәжірибелі футболшылар да қателесіп жатады. Гол соқсақ та, соқпасақ та, ештеңе өзгермес, себебі алда әлі толық матч бар екенін іштей түсініп тұрдым.  Сондықтан, қатты қапаланған жоқпын. Мұндай матчтарда ойын соңғы минутқа дейін болады.

- Соңғы минутта «Атырау» қақпашысы Владимир Логиновскийдің баспен бағыттаған соққысын Стас Покатилов алып шыққанда, қобалжымадыңыз ма?

- Әрине, соңғы минуттарда әрбір соққыны қауіпті. Жеңістен айырылып қалуымыз да әбден мүмкін болды. Шиеленіс тамаша болды. Еуропалық чемпионаттарда қақпашысы матч соңында шабуылға қосылған кездер болған, драмаға толы сәт. Стас бізді құтқарды және екінші соққыны да кері қайтарды. Солай болып тұрады – бұл футбол. Ол сонысымен қызық. Нағыз кубоктық матч шықты. Біз «Атыраумен» қатарынан екінші жыл ойнап отырмыз, бақытымызға орай, екеуінде же жеңдік. «Атырау» - өте жақсы команда. Виктор Кумыков келгеннен кейін команда өзгерді, өте ұйымшыл түрде ойнайды, өз  көзірлері бар.

- «Қайрат» футболшыларының аяқтары жиі тартылып қалғандарын байқадық. Бұл неге байланысты?

- Жігіттер жарады, үлкен жүктеме болды. Олар максимум күшпен жұмыс істеді. Бұл әдеттегі жағдайлар.

- Бұл сіздің бапкер ретінде алғашқы маусымыңыз. Оны қалай бағалай аласыз?

- Екі түрлі әсердемін. Жұмысқа кірісіп жатқан кезде, жақсы нәтижеге үміттенесің. Чемпионатта қолдан келмеді, өз себептері болды. Бірде-бір ойында жеңіске жете алмадық. Әрине, бұл командаға, жаттықтырушыларға қысым жасады. Біреулер түрлі нәрселер айтты, бірақ біз оған назар аудармадық. Өз жұмысымызды жалғастыруымыз керек екенін түсіндік. Жалпы алғанда, сол сәттерге назар аудармай-ақ жұмыс істедік. Көп сынға болғанын білемін. Мен оны жақсы қабылдаймын. Егер жанкүйер болсам, мен де солай қарайтын едім. «Қайраттың» құрамы қандай болса да, ол топ клуб және міндеттер әрдайым барынша жоғары болады.

- Алда қандай жоспарлар бар? Командада қаласыз ба?

- Қазір қуанайықшыуат (күліп). Бұл екі ай қиын болды. Жұмысты дұрыс бағалағым келеді. Содан кейін көре жатармыз, клуб президентімен сөйлесеміз. Қазір жарамды келісімшартым бар, ешқайда кетпейпін.

- Андрей Аршавин Қазақстан кубогының финалы алдында футболшыларға тілегін айтты ма?

- Андрей – маңызды ойыншы, абыройы бар. Ол дұрыс сөздер тапты. Сәттілік тілеп, кез келген жағдайға қарамастан, жігіттер жеңіспен оралу керек екенін айтты. Әрине, қиын болады, бірақ осындай ойындардан соң жеке тұлғаға айналады. Футболшылар кубокты көтеру үшін ойнайды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»