«Қайрат» бас бапкерінің қызметін атқарушы Андрей Карпович – чемпионаттың соңғы матчы туралы.
- Бұл өте қиын матч болды. Әрине, чемпионатты жақсы нотада аяқтауды қалағанбыз. Өкінішке қарай, гол соға алмадық, шабуылды аяқтау кезінде дәлдік жетіспеді. Жанкүйерлердің көп келгені қуантты, өйткені мұндай атмосфера көптен бері болмап еді. Бұл өте жақсы, бүгін ең үздік болғандар – біздің жанкүйерлеріміз, оларға ерекше алғысымызды білдіреміз. Осындай қолдау кезінде ойнау әрдайым қуаныш сыйлайды.
Ойын туралы айтар болсам, жеңіске жетуге тырыстық, бірақ қолымыздан келмеді. Қарсылас жақсы ойнады, нағыз футбол ойнауға тырысты, және, есеп 0:0 болса да, жанкүйерлерге бұл ойынға ұнады, өйткені қауіпті сәттер, жігер болды. Футболшыларға айтар шағымдар жоқ. Әрине, ең маңыздысы жетпей тұр – бұл соғылған голдар.