Премьер-лиганың 26-турындағы «Қайрат» пен «Ақжайық» матчы ерекше шарамен басталды. «Сары-қаралардың» ресейлік жартылай қорғаушысы Андрей Аршавинге алматылық клуб сапында өткізген мерейтойлы 100-ші матчы құрметіне «Қайраттың» жейдесі табысталды.
Ойыншыға естелік жейдесін қазақстандық футболдың ардагері Құралбек Ордабаев сыйлады.