Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин қызылордалық «Қайсарға» қарсы матчтың нәтижесі туралы пікірін айтып, негізгі команданың алдағы ойындардағы жоспарымен бөлісті.
- «Қайсар» сенімді ойнады, бізді бірнеше рет кешірді, комбинациялары да жақсы шықты. Үзіліске 1:1 есебімен кеткеніміз жақсы болды. Екінші таймда біздің қорғанысымыз сенімдірек ойнады. Алаң ортасында Қуат пен Фелипе ойынды бақылауда ұстап, допты оң мен солға лақтырып тұрды. Соның арқасында гол соға алдық. Бірақ есеп 2:1 болған соң «Қайсар» ашыла бастады, бізге аймақтар пайда болып, біз өз мүмкіндіктерімізді пайдаландық.
- «Қайсар» жақында өткен кубоктық матчқа шығарған құрамымен ойнады. ал «Қайрат» бөлек құраммен шықты. Қарсылас шаршаңқырап қалғандай көрінген жоқ па?
- Иә, «Қайсар» шаршаңқырағандай көрінді. Бұл жеңілісі осыған байланысты ма, жоқ па, білмеймін. Себебі кейде, керісінше, команда көбірек матчқа шықса, жақсырақ ойнай бастайды. Мұны «Қайсар» ойыншыларынан сұраған дұрыс.
- Қазір сіз көбіне шабуылдың сол қанатында және шабуылшыдан төмен ойнап жүрсіз. Өзіңізге қай позиция ыңғайлы?
- Әрине, сол жақта ойнау ыңғайлырақ. Сол жақта өзімді қолайлы кезінемін, сол позицияда көбірек пайда тигіземін. Рас, Ивоны ауыстырғанға дейін мен алаң ортасында ойнадым. Мен ортада, шабуылшыдан төмен ойнағанымда, біздің тіреуші жартылай қорғаушыларымызға салмақ болады деп ойлаймын.
- Келесі екі матчты «Қайрат» сырт алаңда өткізеді – «Ертіс» және «Жетісуға» қарсы. Бұл ойындардан не күтесіз?
- Жеңіс үшін барамыз. Қалай боларын көре жатармыз.
Дереккөз: Kazfootball.kz