Премьер-лиганың 17-турындағы «Қайрат» - «Ертіс» матчының алдында «Қайрат» ойыншылары Қазақстан кәсіпқой футбол лигасының жүлделерімен марапатталды. Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин алматылық команданың ардагері Құралбек Досжанұлы Ордабаевтың қолынан мамырдың үздік ойыншысы жүлдесін алды.
Сондай-ақ, «Қайраттың» бразилиялық жартылай қорғаушысы Исаэль Барбоза мамырдың үздік голы авторы атанды. Оған жүлдені халық командасының ардагері Михаил Ильич Гурман табыстады.