Алматылық «Қайраттың» жартылай қорғаушысы Андрей Аршавин «Орталық» стадиондағы қоштасу матчынан кейін журналистердің сұрақтарына жауап берді.
- Қазір іштей қандай сезімдесіз?
- Ерекше ештеңе жоқ. Қуаныштымын.
- «Қайраттағы» мансабыңызды аяқтадыңыз ба, әлде толыққанды бітірдіңіз бе?
- Мансабымды толығымен аяқтадым деп ойлаймын.
- Алдағы уақытқа қандай жоспарларыңыз бар?
- Алда демалыс, кейін Кубоктың финалына дайындық жұмыстары және қарашаның аяғында Петерборға ораламын.
- Сіз «Қайрат» футзал клубымен жаттығу жасағым келеді деп айтқан едіңіз. Бұл туралы келіссөздер болды ма?
- Мен Какамен («Қайрат» АК бас бапкері) сөйлестім, олармен бірге жаттығу жасағым келеді. Бірақ мүмкіндік болмады. Осы екі аптада үлгеремін деп ойлаймын.
- «Қайратта» өзіңіз бен жүрегіңіздің бір бөлшегін қалдырдым деп айттыңыз. Ал Қазақстаннан не алып бара жатырсыз?
- Адамдардың жылылығын, Алматыда ғана емес, бүкіл Қазақстаннан қолдау сезіндім. Адамдар менің ойынымды көру үшін келетінін түсіндім. Командамен жақсы қарым-қатынаста қалдық. Әрі қарай да байланысып тұрамыз.
- Алматыға келіп тұрасыз ба?
- Иә, әрине. Бірақ бір-екі жылдан кейін деп ойлаймын.
- Бес ұпайлық мөлшермен Қазақстандағы мансабыңызды нешеге бағалай аласыз?
- Жеке өзіме бәрі ұнады. Бірақ «Қайрат» бірінші орын алуы үшін сәл де болса бір нәрсе жасауым керек еді. Өкінішке қарай, олай болмады. Ал екінші орынды «Қайрат» менсіз де еншілей алады.
- Қай матч есіңізде сақталып қалды?
- Былтыр «Астанамен» матчтар қызық болды. Ал қай голым есімде қалды? «Тараз» қақпасына соққан голым шығар.
- «Қайратқа» келмес бұрын сіз ешқашан ұлттық Кубокқа ие болмаған едіңіз. Сіз Қазақстан кубогын жеңіп алғандықтан, былтырғы жыл ерекше болды деп айтуға бола ма?
- Иә, мұнда соған қол жеткізу үшін тамаша мүмкіндік болатынын түсіндім. Қызыма медаль алып келуге уәде берген едім. Қолымнан келді, алып бардым – ол өте бақытты болды.
- Бүгін гол соққыңыз келгенін көрдік. Сіз үшін бұл қаншалықты маңызды болды?
- Бүгін қолдау ерекше болатынын түсіндім. Ойын алдында сөйлескенбіз. Бүгін Эсеола гол соққанын қаладық.
- Бүгінде көрмелік матчтар өте көп: Аңыздар кубогы, мысалы. Сондай ойындарға қатысасыз ба?
- Егер шақырса, иә. Бұған дейін көрмелік матчтарға қатыспаған едім, мені шақырған, бірақмаған алыс болды.
- Сіз Қазақстан чемпионатында өнер көрсеткен Ресейдің алғашқы футболшысы емессіз: Бесчастных, Тихонов, Титов және басқалар. Бесчастныхқа клуб қарыз болып, ол сенімен есте қалды, ол бұл туралы ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарына да айтты. Титов журналистермен болған оқиғамен есте қалды. Бұл тұрғыда сіз қалай есте қалуды қалайсыз? 5 жылдан кейін біз Бесчастныхпен болған секілді нәрселерді ресейлік БАҚ-тан оқымаймыз ба?
- Менің әріптестерім кейін мен Матч ТВ-да оларды «жойып салатыныма» дайындалып жатыр (күліп).
- Шетелдік футбол функционерлеріне, клуб басшылары Қазақстан чемпионатының қай ойыншыларын ұсынар едіңіз?
- «Қайраттан» Бауыржан Исламхан мен Исламбек Қуатты ұсынар едім. Басқа клубтардан «Қайратқа» Думан Нарзилиевті алуға кеңес беремін. Ол бұл клубқа көмектесе алатын және оның деңгейіне сәйкес келетін ойыншы деп есептеймін.
- Ресейлік клубтардың өлшемі бойынша Исламханның деңгейі қандай?
- Исламхан – ол топ-ойыншы. Ол ресейлік чемпионаттың алғашқы бестігінде оп-оңай ойнап кетеді.