«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Андорраның адал жауынгерлері
Клуб жаңалықтары

Андорраның адал жауынгерлері

11 июля 2018
/ 00:00

Қазір біз алғашқы қарсыласымыз Андорра елінің «Энгордани» ФК туралы толығырақ айтамыз.

«Энгордани» - андорралық футбол клубы, жергілікті чемпионатта өнер көрсетіп, Эскальдес-Энгордань қауымдастығының намысын қорғайды. Андорралықтардың жанкүйерлері сүйікті командасына бірден екі лақап ат берген – «жауынгерлер» және «адалдар». Андорралық басқа да клубтар секілді «Энгорданидің» де өз стадионы жоқ, чемпионаттағы матчтар Андорра футбол федерациясына тиесілі түрлі алаңдарда өтеді. Еуропа лигасы аясындағы алдағы матч мемлекет астанасы Андорра-ла-Вельядағы «Комуналь» стадионында өтеді. Бұл аренаның сыйымдылығы – 1300 адам, бірақ аз ғана мөлшерге қарамастан, бұл стадион ең әдемі футбол алаңдарының қатарына кіреді. Себебі аренаны Пиреней таулары қоршап тұр, мұндай пейзажда футбол ойнау – ертегі секілді. Түрлі аренаны көрген тәжірибелі футболшылар үшін де солай.

Клуб 1980 жылы құрылған. Бірақ жоғарғы дивизионға «Энгордани» тек 2003 жылы ғана шықты, сол жылы екінші дивизионда алтын медаль алған болатын. Бірақ келесі маусымда команда элиталы кезеңдегі орнын сақтап қала алмай, турнир кестесінде сегізінші орын алды да, төменгі лигаға түсіп қалды. 2015-2016 жылдары клуб спортты дамытып, мамандарды үйрету аясында испаниялық Барселонаның «Alwaysoccer» академиясымен әріптес атанды. Команданың ең жоғарғы және әзірше жалғыз жетістігі күміс медаль, оған клуб былтырғы маусымда қол жеткізген болатын. Сол арқылы олар еурокубоктық турнирге жолдама алды.

Клубтың дәстүрлі түстері мен эмблемасы былтырғы жылдан бері өзгерді. Енді андорралықтардың өз алаңындағы киімі қара-ақ түске боялған, ал сырт алаңдағы жейдесі қызыл түсте.

Ал енді қарсыластың құрамымен қысқаша танысып өтейік. Айта кетерлік жайт, жергілікті чемпионатта легионерлерге лимит қойылған, әр клуб Андоррада тұрмайтын үш испаниялық ойыншыны қатарына қоса алады.

Команданы испаниялық маман Хосе Луис Менгуаль жаттықтырады. Құрамның негізгі бөлігі испан және каталониялық тілде сөйлейтін ойыншылардан құралған. Одан бөлек, командада Аргентина, Португалия, Уругвай, Италия және Франциядан ойыншылар бар. Осы транскерлік кезеңде командаға жаңадан төрт ойыншы келді, олардың бірі Ларсен Туре – франциялық «Лилльдің» түлегі. Бір қызығы, франциялық футболшы мансабын 2016 жылдың жазында тоқтатқан, тек екі жылдан соң ғана футбол алаңына қайта оралды. Тағы бір қызықты жайт, «Энгорданидің» іріктеудің алдын ала кезеңіндегі екі голын да қорғаушылар соққан – Кристиан Сельяй және Мигел Руис. Сондықтан, команда стандарттарда жақсы ойнайды деп айтуға болады.

Басында, біздің қарсыласымыз «Фольгоре» деп аталатын клуб болуы ықтимал еді. Бұл команда Сан-Марино мемлекетінің солтүстік-шығысында орналасқан шағын ғана Фальчано ауылының намысын қорғайды. 29 маусымда УЕФА Еуропа лигасы алдын ала іріктеу кезеңінің бірінші матчы өтті. Андоррадағы ойын 2:1 есебімен аяқталды. Қарымта ойын Сан-Мариноның ең үлкен қаласы Серровалда орналасқан Олимпиадалық стадионда өтті. «Фольгоре» матч есебін ашып, соңғы минутқа дейін өздеріне қажетті нәтижені ұстап тұрды. Бірақ сан-маринолық команданың қорғаушыны ойынның соңғы минутында допты өз қақпасына соғып алды.

«Қайраттың» Еуропа лигасының іріктеу кезеңіндегі алғашқы матчы 12 шілдеде біздің уақытпен 23:55-те басталады. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»