«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Анатолий Житкеев дүниеден озды
Клуб жаңалықтары

Анатолий Житкеев дүниеден озды

28 февраля 2019
/ 00:00

Бүгін еңбегі сінген бапкер Анатолий Житкеев өмірден озды. «Қайрат» ФК Анатолий Андреевичтің отбасына көңіл айтады.

Қазақстандық бірқатар мықты футболшыларды түлетіп шығарған Анатолий Андреевич Житкеев қайтыс болды. Белгілі маман отандық футбол тарихын жазғандардың бірі болған, бұл қызметке өз өмірінің 43 жылын арнады.

Оның көптеген оқушылары бүгінге дейін түрлі командаларда ойнап келеді. Соның арқасында ол футбол қоғамында үлкен құрметке ие болды. Ол «бапкер бәрінен бірінші келіп, үйіне соңғы болып қайтуы тиіс. Себебі тәртіп – біздің жұмысымыздағы ең басты нәрсе» дейтін еді.

«Қайрат» ФК ұжымы Анатолий Андреевичтің қазақстандық футболдың дамуына қосқан үлесін бағалайды және отбасының қайғысына ортақ. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»