«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Анатолий Антипин: «Біздің ойыншыларымыз « алғашқы жауынгерлік сынақтан» өтті»
Клуб жаңалықтары

Анатолий Антипин: «Біздің ойыншыларымыз « алғашқы жауынгерлік сынақтан» өтті»

06 февраля 2020
/ 12:00

Kairat Blind Football Team бас бапкері Анатолий Антипин өз шәкірттерінің алғашқы халықаралық сапарын қорытындылады. Көру қабілеті нашар футболшылар командасы «Каспий 2020» турнирінде өнер көрсетті.

- Анатолий, «Кайспий 2020» турнирі туралы толығырақ айтып берсеңіз

- Kairat Blind Football Team осындай турнирге алғаш рет қатысты. Бұл турнирді ұйымдастыруға UFC қазіргі чемпионы Хабиб Нұрмагомедов, сондай-ақ Қазақстанның Ұлттық Паралимпиадалық комитетінің президенті Қайрат Советайұлы Боранбаев қатысты. Жарысқа 8 команда қатысты. Ресейден алты команда, Молдова командасы және де біз. Олимпиадалық жүйе бойынша ойнадық. Яғни, бірінші жеңіліс команданы медаль үшін күресу мүмкіндігінен айырды.

- Бірінші матчта ақ біз мықты және тәжірибелі командаға қарсы ойнадық.

- Иә, біз Мәскеуден келген командаға қарсы ойнадық, бұл команда турнир қорытындысы бойынша қола жүлдегер атанды. Бұл ұжымда Ресей құрамасының үш өкілі өнер көрсетеді.  Біздің ойыншыларымыз «алғашқы жауынгерлік сынақтан» өтті деп айтуға болады. Олар бірінші таймда жақсы қарсыластық көрсетті, бірақ Мәскеуліктер екінші жартысында басымдық танытып, үш доп соқты.

- Өзіңізге қандай жаңа ой түйдіңіз?

- Біріншіден, біздің ойыншыларымыз ойынның жаңа ережелерін сынап көрді. Енді матч кезінде доп жүргізгенде басын төмен түсіруге тыйым салынады, екі қолмен бортты ұстауға болмайды. Сондай-ақ, өзгертілген ережелер бойынша, бапкерге оның аумағынан тыс қалған ойыншыларға кеңес беруге болмайды. Яғни, егер жаттықтырушы орталықта болса, ол қақпа жақта орналасқан футболшының ойынын басқара алмайды.

- Ресейліктер біздің жігіттерден қаншалықты мықты?

- Ресей чемпионатына сегіз команда қатысады. Біздің елде-Kairat Blind Football Team әзірше жалғыз команда. Ресейлік командалардың әрқайсысы- футболшылары ойынның жоғары деңгейін көрсететін қалыптасқан ұжым. Олардың ойынын бақылаған ұнайды. Басында біздікілер Ресейден келген қарсыластарына үлгермеді. Бірақ турнир барысында жылдам қозғалып, дұрыс шешім қабылдай бастады. Бұл тұрғыдан турнир өте пайдалы болды. Олардың деңгейі өте жоғары.

- Бұған дейін біз Kairat Blind Football Team-нің Ресей Кубогына қатысу мүмкіндігі туралы айттық. Бұл қаншалықты мүмкін?

- Мамыр айында Ресей чемпионаты басталады. Біз, барлығы оңынан болса, турнирге қатыса аламыз. Бұл үшін ұйымдастырушылармен келіссөздер жүргізіп, барлық мәселелерді шешу қажет.

- Турнирдің жабылу салтанаты кезінде біздің ойыншыларымыз желтоқсан айында бізде қонақта болған Хабиб Нурмагомедовпен қайтадан кездесуге мүмкіндік алды.

- Иә, Хабиб бізді жылы қарсы алды. Біз қайтадан бірлескен суреттер жасадық. Турнирдің соңғы күнінде ол сұрақ-жауап форматында кездесу өткізді. Біздің жігіттер сұрақтар қойып, сонымен қатар, жігіттер Қазақстанмен қандай үш нәрсені ассоциациялайтынын сұрады. Ол қонақжайлылық, дәмді тағам және «Қайрат» футбол клубы деп жауап берді.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»