«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

«Алтайға» қарсы матчтағы маңызды жеңіс
Қайрат-Жастар

«Алтайға» қарсы матчтағы маңызды жеңіс

14 сентября 2019
/ 11:00

«Қайрат-Жастар» бес матчтық жеңіліс серияларынан кейін, турнирдің көшбасшыларының бірі - «Алтай» командасынан басым болып, маңызды жеңіске жетті.

Бірінші лиганың 20-турының матчы өте қызықты болды: Премьер-лигаға өтуге үміткер Алтай келесі үш ұпайды иелену үшін Алматыға келіп, бірақ соңғы үш турда ұпай жинай алмаған «Қайрат-Жастарды» жеңе алмады. Осы матчта Александр Арефьевтің шәкірттерін бірнеше «Қайраттың» ойыншылары нығайтты. Негізгі құрамда Сергей Кейлер, Елдос Ахметов, Еркебұлан Тұңғышбаев, Сұлтанбек Астанов және Вячеслав Швырев шықты. Барлық аталған ойыншылар қосымша ойын тәжірибесін қажет етті.

Матчтың басталуы аса тартымды болмады. Екі команда да оқиғаны асықтырмай, қорғаныстағы әлсіз тұстарын іздей бастады. 21-минутта алматылық команда айып добын жүзеге асыруға мүмкіндік алды. Адам Адахаджиев ереже бұзылған жерден соққы бағыттап, бірақ қонақтардың қақпашысы допты мықтап ұстады. «Сары-қаралар» кейін тағы бірнеше шабуыл жасады, бірақ «Қайрат» командасының не соңғы пасы, не ақырғы соққысы сәтсіз болды. Командалар 0: 0 есебімен үзіліске кетті.

Екінші таймда «Қайрат-Жастар» қарсыластың қақпасынан бақыт іздеуін жалғастырды. Әсіресе, жақында ғана Қазақстан жастар құрамасына дебюттік гол соққан Вячеслав Швырев ерекше тырысты. Ойынның бірінші сағатының соңында Швырев бұрыштық жалаушадан берілген допты баспен қақпаға аттандырып, матчтың есебін ашты.

Қонақтар жіберіп алғаннан кейін, әрине, алға шықты, бірақ Данил Устименконың басшылығымен алматылықтардың қорғанысы керемет әрекет етті. Екінші таймда Адам Ахададжиевті алмастырған Данияр Әлімжан қорытынды есепті орнатты. 2-0 – алматылықтардың жарқын жеңісі.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»