«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алматыда «сары-қаралардың» бірінші оқу-жаттығу жиыны басталды
Қайрат

Алматыда «сары-қаралардың» бірінші оқу-жаттығу жиыны басталды

03 января 2020
/ 12:00

Клуб базасында «Қайрат» ФК –ның алғашқы оқу-жаттығу жиыны басталды. Ол 17 қаңтарға дейін жалғасады.

«Сары-қаралардың» жаттығу базасы қысқы уақытта оқу-жаттығу жиынын өткізуге мүмкіндік береді, өйткені заманауи инфрақұрылымы бар. Базаның аумағында 4 толық өлшемді футбол алаңы (екеуі жылыту жүйесімен жабдықталған), жабық манеж, жоғары технологиялық тренажер залы, Footbonaut футбол тренажері орналасқан.

Бұдан басқа, біздің базада футболшыларға толыққанды жұмыс істеуге және де жаттығу жүктемелерінен кейін тез қалпына келтіруге мүмкіндік беретін жүзу бассейнімен, фин саунасымен, ультра заманауи криосаунамен, сапалы массаж кабинеттерімен жабдықталған. 

Алексей Шпилевскийдің шәкірттері Алматыда 17 қаңтарға дейін жаттығады. Кейін алматылықтар Түркияға екінші оқу-жаттығу жиынына аттанады. Естеріңізге сала кетейік, екінші жаттығу жиыны аясында «сары-қаралар» польшалық «Легиямен», киевтік «Динамомен» және болгарлық «Лудогорецпен» ойнайды.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»