«Қайрат» ФК Академиясында аты аңызға айналған «сары-қаралардың» ойыншысы Сергей Прокопьевич Квочкинді еске алуға арналған ардагерлер турнирі басталды.
С. П. Квочкин атындағы академияда өтіп жатқан турнирге қазақстандық футбол ардагерлерінің алты командасы қатысады және де олар екі топқа бөлінеді. «А» тобында «Қайрат» ардагерлері, сондай-ақ Талдықорған мен Кордай өкілдері өнер көрсетеді. «В» тобында Тараз, Шымкент және Алматы командалары ойнайды.
Айта кетейік, «Қайраттың» түстерін алматылық Вахид Масудов, Сергей Волгин, Александр Жуйков, Сергей Пасько, Эльдар Гасанов, Болат Есмағамбетов сияқты танымал ардагерлер қорғайды. Ақтық ойындар ертең өтеді. Барлық жанкүйерлер үшін есік ашық!