«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

 Алматыда «Кайрат-Лига» басталды
Клуб жаңалықтары

Алматыда «Кайрат-Лига» басталды

14 сентября 2019
/ 11:00

«Қайрат» ФК жаңа форматтағы масштабты балалар чемпионаттын бастады. Оған бес түрлі жас бойынша клубтың филиалдары мен франшизаларының командалары қатысады.

14 қыркүйек пен 4 қараша аралығында өтетін ауқымды турнирге барлығы 64 команда қатысады. Яғни, лига С.П. Квочкина, Е.Пехлеваниди Академияларының командаларын, сонымен қатар филиалдар мен франшиза өкілдерін біріктіреді.

Бұл турнир тек Алматының түрлі аудандарындағы құрдастарымен бәсекеге түсуге мүмкіндігі бар жас футболшыларға ғана емес, сонымен бірге тәжірибе алмасып, байланыс процесін жақсарту үшін бапкерлерге де пайдалы.

«Кайрат-Лига»2008, 2009, 2010, 2011 жылдары туған көптеген балаларды қамтиды. Чемпионат 2012-2013 жылғы ойыншылардан жиналған микс тобында да өтеді. Олар тек футбол негіздерімен танысады. Бұл олар үшін  өміріндегі алғашқы турнир.

«Кайрат-Лига»-да жарияланған 64 команданың әрқайсысы 15 ойын өткізеді. Яғни, әр жас футболшы «Қайрат» футбол клубының алаңында үлкен бәсекелестік тәжірибе алады.

«Кайрат-Лига» екі кезеңде - көктемде және күзде өтеді. Күздегі - қыркүйекте және көктемдегі - сәуірде. Әр турнир екі айға созылады.

 

 

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»