«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алматыда Қазақстандағы алғашқы инклюзивті футбол клубы таныстырылды
Клуб жаңалықтары

Алматыда Қазақстандағы алғашқы инклюзивті футбол клубы таныстырылды

18 октября 2018
/ 00:00

Т. С.Сегізбаев атындағы футбол Академиясында «Аңсау» балалар футбол клубының таныстырылу рәсімі өтті.

«Қайрат» футбол клубы және «Ерікті Мейірімділік Қозғалысы» «Samruk-Kazyna Trust» қоғамдық жобаларды дамыту Қорының қолдауымен  «Аңсау» балалар футбол клубын таныстырды.

«Қайрат» футбол клубының Бас директоры Әлішер Апсалямов жұртшылықтың алдында сөз айтып, жас футболшыларға жеңіс тіледі.

«Біз үшін бұл жоба ерекше болмақ. «Қайрат» футбол клубы мен «Ерікті Мейірімділік Қозғалысы» осындай игі іс үшін бірігіп, баллардың жетістікке жетуіне қол ұшын тигізгелі отырғанына қуаныштымын. 

Футбол бүкіл әлемді нөмірі бірінші спорт түрі саналады. Өйткені ол барлық балаларға қолжетімді. Ата-аналар мен балаларға сәттілік, мықты денсаулық және үлкен жеңістер тілеймін!», - деді басшы. 

Сондай-ақ ата-аналар мен балаларға «ЕМҚ» Қоғамдық фондының директоры Аружан Саин, «Samruk-Kazyna Trust» жобасының менеджері Баян Абенова және Қазақстан футболының ардақты ардагері Құралбек Ордабаев құттықтау сөзін айтты.

Іс-шара барысында «Аңсау» клубының ойыншылары қонақтарға шеберліктерін паш етіп, «Қайрат» Академиясының шәкірттерімен біріккен жатттығу жұмыстарын өткізді.

Мерекенің қорытынды бөлімінде «Аңсау» клубының ойыншылары мен бапкерлеріне жүлде табысталды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»