«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Жігіттер жаттығуды үлкен ықыласпен жасап жатқандығын көрсетуде»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Жігіттер жаттығуды үлкен ықыласпен жасап жатқандығын көрсетуде»

20 января 2020
/ 12:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский команданың бірінші оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, Түркиядағы бірінші жиын туралы, клубтың жас ойыншылары мен «сары-қаралардың» жаңа ойыншылары туралы әңгімеледі. 

- Алексей Николаевич, Алматыда өткен бірінші оқу-жаттығу жиынына ойыншылар қандай формада келді?

- Алматыдағы жиынның басында біз барлық тесттерді өткіздік. Тесттер ойыншылардың демалыстан жақсы формада оралғанын көрсетті.  Футболшылар біз жасаған арнайы бағдарламалар бойынша жеке жұмыс істеді. Жаттығу процесі барлығының жақсы жұмыс істеп, барлығының ынтасының зор екендігін көрсетті. Жаттығулар өте жоғары деңгейде, жақсы жылдамдықта өтті. Бірінші апта шеңберінде біз техникалық-тактикалық әрекеттерге, ұжымдық өзара ара-қатынасқа көп көңіл бөлдік, тимбилдинг өткіздік. Екінші апта қарқындырақ болды. Шағын топтарда жұмыс істеп, күніне үш реттен жаттығулар өткіздік. Барлық ойыншылар қабілеттіліктерін арттырып келеді, әрине, бұл бізді қуантады.

- ОЖЖ-да керемет атмосфера болғаны көрініп тұрды.

- Иә, барлық бапкерлер штабы атмосфераға риза. Жігіттер жаттығуды үлкен ықыласпен ғана емес, бір-біріне деген үлкен құрметпен жасап жатқандығын көрсетуде. Тіпті жекпе-жекте де барлығы әдепті, артық агрессиясыз әрекет етеді. Барлығы жақсы көңіл-күймен жаттығады.

- Бірінші ОЖЖ-да  бізге Камо Оганесян қосылды. Қазір ол қандай формада?

- Камо алғашқы жаттығуларда жұмыс істеу керектігін сезінді. Біздің футболшылар жеке бағдарламалар бойынша жұмыс істеді, ал ол жұмыс істеген жоқ. Бірақ біз оның потенциалын,оның керемет жылдамдығын, жұмысқа деген қабілетінің бар екеніндігін білеміз. Оған кондиция жинауға уақыт беру керек. Камо бұған дейін оқу-жаттығу жиынының басында оған оңай болмағандығын айтқан. Бейімделу үрдісі жалғасуда. Ол ашық адам – сұрақтар қоюға ұялмайды, өсуге және дамуға дайын.

- Біздің жиындарда жас ойыншылар көп. Олар өздерін қалай көрсетуде?

- Біздің ұжым өзгерді. Біз көп жас ойыншыларға мүмкіндік береміз. Оларға жаттығу процесінің атмосферасын, оның қарқындылығын сезінуі қажет. Олар үшін көп нәрсе таңсық. Мұнда үлкен жылдамдықтар, жылдам ауысулар, жылдам шешім қабылдау қажет. Балалар тырысып жатыр.

- Екінші ОЖЖ туралы толығырақ айтып берсеңіз.

- Екінші жиында біз командалық әрекеттерді тереңдете пысықтап, ойын сызбаларын, ұжымдық прессингті, шабуылдарды дамыту үрдісін жақсартамыз. Сондай-ақ, жылдамдық, төзімділікке уақыт бөлеміз. Сонымен қатар тесттер өткізіп, бірінші бақылау ойындарына дайындаламыз. Команда жақсы тонуста ойынға шығуы үшін ойын алдында жаттығулардың қарқындылығын төмендетеміз.

- Клуб Яцек Гуральскиймен келісімшартқа отырды. Біздің жаңа ойыншыны қалай бағалайсыз?

- Бұл менің біздің ұжымда көргім келген футболшы. Оның футболдық қасиеттері өте жақсы, ол алаңда күреседі, оның көшбасшылық қасиеттері бар. Ол жазда Еуро-2020 қатысатын Польша құрамасында бекерден-бекер ойнап жүрген жоқ. Ол өз елінің бас командасына шақыртуды орнымен алды. Ол «Қайраттың» қорғаныс аймағын күшейтеді деп сенемін. Сонымен қатар, ол командаға тәжірибе қосып, жас дарынды ойыншыларға дамуға қолдау көрсетеді. Бірге біз көп нәрсеге қол жеткізе аламыз. Мен бұл келісімшартқа өте қуаныштымын.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»