«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Жігіттер жақсы ойын өрнегін көрсетті»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Жігіттер жақсы ойын өрнегін көрсетті»

24 апреля 2019
/ 00:00

Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК  бас бапкері:

- 77-минутқа дейін ойын өрнегіне көңілім толды. Жігіттер жақсы ойын өрнегін көрсетті. Көптеген сәттерді жүзеге асыра алмадық. Ойынның аяқталуына 13 минут қалғанда, қарсыластарымыздың саны азайғанда біз босаңсап кеттік. Алайда 77-минут бойы керемет ойын көрсеттік деп ойлаймын.

- Бүгін алаңға алғашқы минуттардан бастап Эсеола емес, Эппель шықты. Бұл Эсеола Эппельден әлсіз дегеніңіз бе?

- Мен тағы да қайталаймын – команда 11 футболшыдан емес, 28 футболшыдан құралған. Бізде ауысым жиі орын алып тұрады. Бүгін біз Мартонға, Конрадқа және Ханға мұмкіндік беруді ұйғардық. Жаңа ойыншыларды алаңға шығардық, онымен қоса «Ордабасыға» қарсы ауыр матч күтіп тұр. Мартон жақсы ойнады, екі гол соқты. Бірақ бұл Эппель сенбіде де ойнайды деген сөз емес. Жұма күні жаттығуда кім өзін қалай көрсетеді, соған байланысты «Ордабасыға» қарсы құрам тізімін жасақтаймыз.

- Бүгінгі ойынға іліпеген ойыншылар бар ма? Кімге шағымыңыз көп?

- Шағым әрқашан да табылады, алайда барлығын клуб ішінде құпия ұстауға тырысамыз.

-  Ойынның 11-ші минутында «Астанаға» қарсы өткен кездесудегідей, Әліп тағы да жасанды офсайд жасауда қателесті.

- Шәкірттеріме офсайдқа сенудің қажеті жоқ екенін үнемі айтып отырамын. Алайда Әліп бар жоғы 19-да екенін ескеру қажет. Бұл да тәжіребие. Ол үйреніп кетеді деп ойлаймын. «Астанаға» қарсы ойында ол тамаша ойын көрсетті.

- Хан көгалда көп рет тайып құлап, доптан айырылып қалып жатты. Мүмкін бутсыны дұрыс таңдамаған шығар?

- Керісінше, ол бұл матчқа жақсы бутсы киіп шықты. Біз оған қандай аяқ киіммен шығу керектігін айттық. Хан – жас футболшы, жасы 20-да. Оның қателесуі заңдылық. Біз оған сенеміз, үйретеміз. Әлі-ақ Хан қарсыластарын «шаң қаптырады» деп ойлаймыз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»