11-тур кездесуі алдында «Қайрат» «Орталық» стадионда Ertis-ті қабылдайды. Матч алдында алматылық клуб бас бапкері Алексей Шпилевский жаңалықтармен бөлісті және Раде Дугаличтың орнын кім алмастыратын айтты.
- Матч алдындағы көңіл-күйіңіз қалай?
-Шабуылға дайынбыз. Жалғасқан жеңіліс сериясын тоқтатуымыз керек. Бізде спорттық ыза жиналып қалды. Соны шығаруымыз қажет. Жеңіске жеткіміз келеді. Жақсы ойнауға, көрермендерді қуантуға тырысамыз.
- Бауыржан Исламхан негізгі құраммен шыға ма?
- Бато қалыпқа келуде. Оның ойынға оралғанынан қуаныштымын. Бауыржан бүгін негізгі құрамда ойнайды. Капитанға үміт артамыз. Өзінің шберлігімен және қайталанбас ойынымен шабуылда бізге көмектеседі деген ойдамын.
- Раде Дугаличты кіммен алмастырасыз?
- Біз – бір командамыз. Әрбір футболшы кез келген ойынға дайын болуы өажет. Радені Елдос ахметов алмастырады. Ол – өте тәжіребиелі ойыншы. Елдосқа Нұралы Әліп көмектеседі. Мен оған сенемін.
- Жарақат алған ойыншылардың жағдайы қалай?
- Сергей Политевич қалыпқа келіп жатыр. Оған топқа оралуы үшін әлі 3-4 апта керек. Рамазан Оразовқа келер болсақ, кішкене ауырсынулар бар екенін жеткізді. Алайда, дүйсенбіден бастап жаттығуға оралатынына үміттнемін.
- Рамазанда рецидив орын алды ма?
- Иә, «Каспийге» қарсы кубоктық матчта ол жарақат алып қалды. Кезекті матчқа қатысқан Рамазанның жағдайы мүлдем нашарлап кетті. Футболшы ойнағысы келді. Осылайша, рецидивке тап болды. Бұл да – тәжіребие. Қалыпқа келмейінше, тәуекелге бармау керек екенін түсінетін болады.
- «Ертіс» клубы «Атырау» секілді матчтың көп бөлігі қорғанып жүреді деп ойлайсыз ба?
- Иә. Біз олардың қорғанысын бұзуға тырысамыз. Соңғы жеңілістерден кейін команда болып дұрыс шешім қабылдадық. Өзіміздің қорғанысқа да көп көңіл бөлеміз. Себебі, қорғанысты жеңген қарсылас әп-сәтте гол соғып кетуі мүмкін. Қарсыласпен де солай. Алдымен қорғаныс шебін бұзуға тырысып бағамыз.