«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Жанкүйерлерге үлкен рахмет!»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Жанкүйерлерге үлкен рахмет!»

20 октября 2019
/ 11:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский «Астанаға» қарсы матч туралы өз ойымен бөлісіп, жанкүйерлерге алғысын білдірді, сондай-ақ БАҚ өкілдерінің сұрақтарына жауап берді.

- Бірінші кезекте жанкүйерлерге үлкен рахмет айтқым келеді! Олар бүгін тамаша қолдау көрсетті! Бұл бүкіл қазақстандық футбол үшін шынымен де жарнама болды. Футбол деңгейі мен атмосферасы жағынан чемпионаттағы ең қызықты ойын болды. Мұндай ойынды көріп және де ойыннан ләззат алғым келеді. Өкінішке орай, біз бүгін жеңілдік. Егер бірінші таймды алатын болсақ, бізде көп сәттер болды, біз гол соғуға міндетті едік. Ал, «Астана» алғашқы мүмкіндікті ақ пайдалана алды. Марин Томасов өз шеберлігімен қарсыласты алға шығарды. Біз ойынды жүргіздік, қарсыластан әлдеқайда жақсы көріндік. Екінші таймда «Астананың» тәжірибесі әсер етті. Олар қобалжымай  ойнады. Біз барымызды салдық, бірақ соңында гол соға алмадық. Өмір жалғасуда. Әрине, бәрі өкінішті, бірақ бізде әлі де үш ойын бар.

- Халықаралық үзіліс команда формасына әсер етті ме?

- Иә, әсер етті. Бізде құрама ойыншылары көп.

- Георгий Жуковты ауыстыру немен байланысты.

- Алаң ортасында агрессияны қосып, екінші допты алуды жақсарту керек еді. Абикен мұны орындады. Сонымен қатар шабуылды аяқтау кезінде Айболдың қасиеттері қажет болды. Алыс соққылар кезінде.

- Егер нәтижеге қарамасақ, ойынға ризасыз ба?

- Әрине ризамын. Біз жақсы футбол көрсеттік. Бірінші таймда «Астана» алаң орталығынан қанша рет өтті? Футболға ризамын. Өкінішке орай, өз мүмкіндіктерімізді жүзеге асыра алмадық.

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»