«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей ШПИЛЕВСКИЙ: «Өзара әрекеттесу бойынша жұмыс істеу керек»
Қайрат

Алексей ШПИЛЕВСКИЙ: «Өзара әрекеттесу бойынша жұмыс істеу керек»

02 февраля 2019
/ 00:00

«Қайрат» пен Босния және Герцеговинаның «Вележ» (3:3) клубы арасындағы нәтижелі матч команда ойыны туралы ойлануға, егжей-тегжейлі зерттеуге себеп болды. Жолдастық кездесуден кейін алматылық команданың бапкері Алексей Шпилевский өз әсерімен бөлісті.

- «Вележге» қарсы кездесуде біз екінші таймда жақсырақ ойнадық, - деді «Қайрат» ФК аға бапкері Алексей Шпилевский. – Матчтың бірінші жартысында қарсыласты дұрыс бағаламаған шығармыз, олар ерекше агрессивті ойнап, күресуге деген ниетпен шыққан, қарымта шабуылдарға иек артуға тырысты. Бізбен соңғы ойындары секілді күресті. Бірақ біз осы шайқасты қабылдадық, тіпті, «Вележге» қарағанда көбірек қауіпті шабуыл жасадық. Өкінішке қарай, көбін пайдалана алмадық. Үзілістен кейін ойын көрінісін өзгерттік. Шабуыл жасау үшін бос аймақтарды іздедік. Бәрі қолдан келе бермеді. Бірақ жігіттер алаңда бар күштерін салды. Жасалған жұмыстар қарқыны жоғары болды. Оқу-жаттығу жиынында кетіп жатқан күш-жігер өз жемісін алып келуде. Өзара әрекеттесу бойынша әлі де жұмыс істеу керек. Жалпы алғанда, ойыншылардың ыждаһаты үшін көңілім толады. Матч барысында қателіктер болды, бірақ оларды жөндейміз. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»