«Қайраттың» словениялық «Мариборға» қарсы жолдастық матчы алдында алматылық команданың аға бапкері Алексей Шпилевский балқан футболындағы флагмандардың бірімен ойыннан не күтетінін айтты.
Сонымен қатар, «Қайраттың» бапкері командада жарақат алған ойыншылар, қазіргі мақсаттар, сондай-ақ, Суперкубок үшін матчқа жігер туралы баяндады.
ТЕК АЛҒА!
«Түрлі жүйелермен ойнап жатырмыз. Оларды қарсыласымыздың кім екені қарай пайдаланамыз. Әр команда шабуылды әр түрлі бастайды. Әрине, «Қайраттың» да арсеналында ойын әрекеттерінің алуан түрлі даму жолдары бар.
Қуантатыны – жаттығудағы атмосферада эмоция арта түсті. Біз бірге бірінші күн жұмыс істеп жатқан жоқпыз. Көп нәрседен өттік, жасадық. Бір-бірімізге үйреністік, қазір толығымен ұйымшылмыз. Енді осы жиналған білім матч кезіндегі тәжірибеде қолданылуы маңызды. Әрқайсысы команда үшін барынша пайда әкелуі тиіс. Бапкерлік штабтың қалайтыны осы. Жігіттердің бәрі де оны дұрыс қабылдады».
«МАРИБОРМЕН» СЫНАҚ
«Қызықты қарсылас, ойын біздің барынша күшімізді салуымызды талап етеді. «Марибор» Словения чемпионатында көш бастап келеді. Өткен маусымда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ойнады. Жазда «Марибордың» Еуропа лигасы топтық кезеңіне өтуіне азулы «Рейнджерс» мүмкіндік бермеді. Осындай бір-бірімен ойнап үйренген және қуатты командаға қалай қарсы тұратынымызды көру қызықты. Бұл біз үшін өте маңызды сынақ болады.
Словениялық футбол клубы Түркияда төрт матч өткізді. Бізде матчтар аз болды, бірақ оқу-жаттығу процесі екі жақты ойындарды қамтиды. Сондықтан мен мұны мәселе ретінде көрмеймін. Біз әртүрлі жағдайлар бойынша жиі жұмыс істейміз. Әрине, жігіттер өз клубтастарына қарсы емес, нақты қарсыластармен ойнауды қалайды. Бірақ біз нақты матчтың жағдайын, қысымын бір үлгіге келтіріп жатырмыз. Команда байланысты ойынға дайын. Оның көрінісін жетілдіруге барлық күш-жігер жұмсалады. Ең бастысы, осы матчта алға қойылған міндеттерді орындау. Мен біздің қағидаларымыздан ауытқуға ниеттенбейтінімізді ерекше атап өткім келеді. Біз өз стратегиямыздың сәтті екенін дәлелдеуге тырысамыз.
ЖАРАҚАТТАНҒАН ОЙЫНШЫЛАРЫМЫЗ БАР
«Екінші жиынның ойындарына қарағанда, біз алға қарай бір емес, екі қадам жасадық. Жаңа кездесулерде команда тұрақтырақ болады деп сенемін. Ал біздің мақсатымыз біреу: голды аз өткізіп, көп гол соғу. Бұл қағида қашан да өзекті. Бұл жолдастық матч па немесе Қазақстан чемпионатының кездесуі ме – маңызды емес. Мен команданы осылай баптаймын. Әрқашан доп үшін күресіп, прессинг жасау, қарсыластың қақпасына барынша қысым жасау.
Өкінішке қарай, жарақат алған бірнеше ойыншымыз бар. Әзірге төрт футболшы ойнай алмайды: Бауыржан Исламхан, Конрад Врешинский, Еркебұлан Туңғышбаев және Елдос Ахметов. Бәрі де, оның ішінде осы футболшылар да ойын тәжірибесін аңсап жүр. Алайда, қазір біз шағын жарақат алғандардың денсаулығына қауіп төндіре алмаймыз, өйткені біздің алдымызда маңызды ресми матч бар.
Үшінші наурыз, «Орталық» стадион, Суперкубок үшін ойын... Осы күнді тағатсыздана күтіп жүрмін. Бүкіл команда тезірек өз алаңында ойнауға асығып жүр. Біз беделді жүлдеге ие болып, чемпионатты жақсы көңіл-күйде бастау үшін бар күшімізді саламыз. Қарсыласымыздың азулы екенін түсінеміз. Еурокубоктарда үлкен амбициялар мен табыстарға ие болды. Біз үшін бұл үлкен сынақ. Жанкүйерлерімізге ең жақсы қасиеттерімізді көрсетіп, жеңіске жетуді қалаймыз. Алматылықтарға мереке ұйымдастырғымыз келеді. Дұрыс жолда келе жатқанымызды дәлелдейміз.
«Қайрат» бұл сынақты қабыл алды, бұл шайқасқа дайынбыз!»