«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский Еуропа лигасының жеребесі жайлы пікірін айтты.
- Балқандықтардың шабуылда мықты екенін бәріміз білеміз. Жай ғана матч өтпейтіні түсінікті. Екі кездесуде де барымызды салатын боламыз. Топтағы алты алпауыттардың ішіндегі ең мықтысы бізге қарсылас болды.
Алғашқы матч қонақта өтетіндіктен артықшылығымыз өте
көп. Доппен ойнау өте маңызды. Өте
тәртіпті әрекет ету керек, сонымен бірге қатал және ымырасыз болу керек.
Ұжымдық қысым маңызды рөл атқарады. Біз өз стилімізден кетпейміз. Бізді «Широки
Бриегке» қарсы ойында қызықты шайқас күтіп тұр.
Біз екі тең матч өткізуіміз керек. Қонақтағы ойында шабуылға көп көңіл
бөлмекпіз. Мен ешқандай жағдайда қарсыласқа қонақтық ойында бастама бермеуміз
қажет. Бірінші секундтан бастап ойынды
өз қолымызға алып, финалдық ысқырыққа
дейін қарсыласты тығырыққа тіреуге тырысамыз.