«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Үш ұпай ала алмағанымызға өкінеміз»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Үш ұпай ала алмағанымызға өкінеміз»

24 июня 2019
/ 00:00

«Қайраттың» бас бапкері «Жетісуға»қарсы матчты қорытындылады.

- Бүгін үш ұпай ала алмағанымызға, әрине, өкінеміз. Бірінші айналым аясындағы Талдықорғандағы жеңілістен кейін қарсыласты ұту қиынға соғатынын білдік. Олардың қалай ойнайтынын зерттедік, оған әбден дайындалдық. Бірінші таймдағы ойынға менің көңілім толмады. Екінші таймда жақсы ойнай бастадық. Бірақ үш ұпай алуға болатын ойын көрсетпедік. Заңды тең есеп – гол соқпадық та, өткізбедік те. Келесі аптада «Астанаға»қарсы қиын кездесу күтіп тұр. Сол матчқа дайындаламыз.

- Біз еурокубоктық ойындарды күтудеміз. Әрбір матч соған дайындық ретінде қарастырылады. Егер бүгінгі ойынды «Широки Бриег» клубымен матчтарға дайындық кезеңдерінің бірі ретінде қарастырсақ, бүгінгі ойынға қанағаттанасыз ба?

- Әрбір ойынды бөлек қарау керек. Еуропа Лигасына дейін көп уақыт бар. Бізде басқа да міндеттер көп. Мысалы, бүгін ең басты міндет – жеңіске жету еді. Өкінішке орай, біз мұны істей алмаймыз.

- Екі негізгі ойыншының  – Адеринсолы Эсеола мен Конрад Вржещиньскийдің болмауы осы матчтың нәтижесіне әсер етті ме?

- Қазір оны айту қиын. Әрине, гол соққан жоқпыз. Оның себептерін бүге-шүгесіне дейін талқылап анықтауға болады. Дерин Эсеола-біздің ең қауіпті мергеніміз, бірақ бүгін Мартин Эппель мүмкіндік алды. Эсеола сары қағаздарды көп жинап қойды. Конрад жарақат алды. Біз үлкен командамыз, футболшылар да жетеді, біз әр ойыншыға сенеміз. Сараптама жасаймыз.

- Қазір Сейдахметов пен Меркельді «Қайратпен» байланыстыратын әңгімелер жүріп жатыр. Олар командаға қосыла ала ма және бұл қаншалықты нақты?

- Екеуі де-жоғарғы деңгейлі футболшылар. Біреуі-өте жас және талантты.  Қазақстандағы ең дарынды ойыншылардың бірі. Әрине, ол физикалық тұрғыдан әлі көп еңбектену керек. Ұзақ уақыт бойы ойнамады, бірақ оның талантты екені - шындық. Александр Меркельдің «Штутгартта» жүрген кезінен жеке танимын. Қандай футболшыны екенін білемін.. Алайда, қазір мұны талқылағым келмейді. Уақыт бәрін көрсетеді.

- Қуат неге бірінші таймда алаңға шықпады?

- Куатта қазір үш сары қағаз бар. Оның үстіне аздап жарақаты болды, және ұлттық құрама матчтарынан кейін шаршаңқы көрінді. Негізі құрамда шықпаған себептері осылар.

- Егер Қуат екінші таймда шықса, нәтиже басқаша болар еді деген ой келеді. 

- Бұл туралы да айту қиын. Бұл позицияларда бізде үлкен бәсекелестік бар. Біз бәріне сенеміз, шағын ротация жүргіземіз. Алайда, мен Исламбектің алаңға неге шықпағанын түсіндірдім. Әбікен жаттығу кезінде өзің жақсы қырынан көрсетті, сондықтан негізгі құрамнан орын алуға лайықты болды.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»