«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Осындай мықты қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Осындай мықты қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!»

18 июля 2019
/ 11:00

Баспасөз бөлмесінде шапалақпен қарсы алынған «Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский Босния мен Герцеговинадан келген командамен кездесуді қорытындылап, жанкүйерлерге қолдау көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

- Ең алдымен, барлықтарыңызды жеңіспен құттықтағым келеді. Біз елеулі бәсекелесті жеңіп шықтық. Бізді бүгін күрделі күрес күтіп тұрғанын білдік. Менің бірінші таймға көңілім толады. Бізде бірнеше рет гол соғатын мүмкүндіктер болды. Екінші  жартысында белсенді ойын болмады, аздап барлығының жүйкесін тоздыртты. Бұл ақыр соңында  пенальтиге  әкелді. Бірақ жігіттер жарады. Олар  жиналып, батыл мінез көрсетіп, жанкүйерлерге жарқын жеңіс сыйлады. Барлық біздің жанкүйерлерге алғысымды айтқым келеді! Осындай мықты қолдау көрсеткендеріңізге рахмет!   Бұл менің «Қайратта» жұмыс істегелі ең мықты қолдау болды. Тағы да рахмет сіздерге! Келіңіздер, жанкүйер болыңыздар, бізді қолдаңыздар!

- Айтыңызшы, 91-ші минутта,  жіберіп алынған голдан кейін не сезіндіңіз?

- Әрине, жігіттер аздап қобалжытты, бірақ мен қарсыластың аймақты ашып, барлық ойыншыларды қорғаушылармен қоса алдыға жіберетінін білдім. Аймақтар ашылғасын біз екі жылдам қарымта шабуыл жасап, гол соқтық.  Мұндайды сіздер Қайсармен кездесуде көргенсіздер, бірақ біз ол ойында  бүкіл матчты осылай өткіздік. Бүгін екінші таймда ешқандай қысым болмады, сондықтан да қарымта шабуыл аз болды. Менің екінші таймға аздап көңілім толмады. Енді біз бұл матчты тез ұмытып, талдау жасап, Тобылға дайындаламыз. Бізді матч- реванш күтіп тұр. Олар бізді екі рет ұтты, үшінші рет болмайды.

- Пенальти туралы не ойлайсыз?

- Менің ойымша, пенальти әбден болуы мүмкін.

- Залға кіргенде, сізді  баспасөз залы бұған дейін шапалақпен қарсы-алмаған дедіңіз? Бұдан қандай эмоциядасыз?

- Есімде болса,ия. Эмоциялар тек жақсы. Рахмет!

- Бірінші тайм сіз қалағандай өтті ме?

- Әрине, нюанстар болды, бірақ біз оларды матч барысында түзетіп, орталық жартылай қорғаушыларымыздың орналасуын өзгерттік. Содан кейін олар әрекет етіп, жақсы жұмыс істей бастады. Қайтадан қайталап айтсам, екінші таймға аздап көңілім толмады. Алайда, ең бастысы, біз жеңіске жетіп, келесі раундқа өттік. Қазіргі кезде бұл біз үшін басты міндет.

- Бүгін, бірінші минуттан бастап, «Қайраттан» жаппай қысым болмады. Сіз есепке байланысты ойнадыңыз ба, әлде бұл  матч тактикасы болды ма?

- Жаппай қысыммен ойнау үшін барлығы әрекет етуі керек. 8 ойыншы әрекет етсе де , сіз жаппай қысымды  көре алмайсыз. Бүгінде жаппай қысым  90 минутта болған жоқ.

- Екінші раундта біз Израильдің «Хапоэльімен» (Беэр-Шева), немесе албандық «Лачимен»  кездесеміз. Сіз қарсылас болуға  кімді таңдар едіңіз?

- Ең алдымен, мен үйге келіп, олардың матчын көремін. Қайссын қалар едім? -Көреміз. Бірінші матчқа қарайтын болсам, ойын өте қызықты және эмоционалды болды. Бізді де дәл сондай күрес күтуде. Біз дайын боламыз. Егер бұл «Хапоэль» болса, бізді ұзақ ұшу күтіп тұр,  Албандық командамен де солай. Оған қоса күн өте ыстық болады және де бейімделуге тура келеді. Бірақ, қазір біздің ойымызда тек «Тобылмен» ойын. Біз  үшінші рет қатарынан мүлде жеңілгіміз келмейді.

- Сейдахметтің ойынына баға беріңізші.

- Еркебұлан өзін жақсы көрсетті. Ол төзімділік жағынан қосып келеді және де ол команданы күшейту үшін алмастыруға ғана емес, сонымен қатар алғашқы минуттардан бастап шыға алады. Осыны ол ойынның бірінші таймындағы өзінің жетістіктерімен, ерекше шешімдерімен, дреблингпен көрсете алды. Ол біздің  ойынымызға креатив қосатыны және қарсыласқа қауіп тудыратыны факт. Осыны біз одан күтеміз. Әрине оған уақыт керек екені түсінікті, ол оны алады.

- Сіздің ойыңызша, Эппель бүгін Эсеолаға қарағанда жақсы ойнады ма?

- Менің ойымша, егер Эсеола бірінші таймда гол соққан болса, онда ол эмоционалды тұрғыдан мүлдем басқаша әрекет етер еді. Оның жүз пайыздық сәтті іске асыра алмағандығы, оның бүкіл матчтағы ойынына әсер етті. Мартон қайтадан ойынға жақсы жараса кетті. Біз оның допты ұстап, «Қайсармен» болған матчтағыдай, бізге жылдам қарымта шабуыл жасауға мүмкүндік  бергенін қаладық. Ол алаңға шығып, өз деңгейін көрсетті.

- Бүгін «Қайрат» сары қағазды өте көп алды. Сіз бұл туралы не ойлайсыз?

 - Сары қағаздар болған себебі, ұжымдық таласқа барлығы қатысқан жоқ, аймақтар біртіндеп ашық қала бастады, солүшін Қуатқа, Оразовқа немесе Жуковқа әрекет етуге тура келді. Өйткені бос аймақтарды тым кеш жауып жатты, өз орындарынан кетуге мәжбүр болды, ал ол жерде олар кешіге бастады. Шаршай бастадық, біздің футбол өте көп энергияны қажет етеді. Біз қарсыласқа ойынды жүргізуге мүмкүндік бермей, ойынды өзіміз жүргізгіміз келді. Сондықтан да біздің допты алып кетуіміз, ауысулар және тағы басқалары барынша жоғары жылдамдықта өтеді. Сондықтан да сары қағаздар алу қалыпты жағдай.

- Қазақстандық төрт команданың ішінен тек «Қайрат» 4:2  есебімен сенімді келесі кезеңге өтті. Бұл жағдай еврокубоктан ұшып кеткен«Тобылға» қарсы ойын алдында «Қайратқа» қосымша мотивация береді ме?

- Қазақстандық достарымды талдағым келмейді, бұл менің міндетім емес. Мен әрбір чемпионат ойындарының алдында, еурокубоктарда, Түркиядағы оқу-жаттығу жиындарындағы достық матчтарда жігіттерге айтатыным, қазіргі уақытта кішігірім елдерден келген кішігірім клубтардың өзі жақсы қорғанып, жақсы жүгіріп және бүкіл командасымен қысым көрсете алады.Әрине, кейбір жерлерде доппен шеберліктері жағынан қалып қойып жатады. Біз олардан да жақсы дайын болуымыз керек. Біздің дайындығымыз өте жоғары деңгейде болу керек. Бұл біз  жігіттерді  тек осыған дайындаймыз деген емес, бірақ олар әрбір қарсыласқа жүз пайыз дайындықтың қажеттігін түсіну қажет.

 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»