«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Мен өз командаммен мақтанамын, олар бүгін жарады!»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Мен өз командаммен мақтанамын, олар бүгін жарады!»

20 апреля 2019
/ 00:00

Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері:

Бүгін жанкүйерлер Қазақстан футболына ерекше жарнама бола алатын тамаша футболға куә болды деп ойлаймын.Мен үшін бір команда тамаша ойын өргенін көрсетті, ол – «Қайрат». Мен өз командаммен мақтанамын. Команданың көрсеткен ойыны толықтай көңілімнен шықты. Енді, ілгері жылжуымыз қажет. Бүгінгі ойында Қазақстан Ұлттық құрамасының бас бапкері болғанын білемін. Осы орайда, Нұрәлі Әліп, Рамазан Оразов, Ян Вороговский – Қазақстан футболының болашағы деп айтқым келеді. Мен олармен мақтанамын. Біз үш күннен кейін осы алаңда тағы бір ойын өткізетінімізді ұмытпауға тиіспіз. Аталмыш ойынға толықтай дайындалып, жеңіске жету үшін барымызды салатын боламыз. 

- Сіз команда сапындағы барлық футболшылардың жақсы ойнағанын атап өттіңіз. Эсеола мен Эппель болса тіпті допты тоқтата алмай жатты. Шабуыл шебіндегі ойыншылар осал ойнады деп ойламайсыз ба? 

- Бізге шабуылды соңына дейін жеткізуде көп еңбектену қажет. Өкінішке орай, біз Стерлинг пен Месси сияқты ойыншыларды сатып ала алмаймыз. Құрамда бар ойыншылармен дайындықты жалғастыру керек. Мен футболшыларға артық сын таға алмаймын. Біздің осыған дейінгі ойындарымызды тағы бір қарап шығуды ұсынамын. Бүгін біз маусымдығы ең үздік ойынымызды көрсеттік. 

- Жарақат алған Бауыржан Исламхан мен Еркебұлан Тұңғышбаев қатарға қашан қосылады? 

- Исламханның жағдайы әзірге белгісіз, бір күнде жазыла салатын жарақат емес. Ал Тұңғышбаев болса әзірге 100% дайын емес. Ол жалпы топта жаттығу жұмыстарын жасап жүр. Мен онымен сөйлесіп тұрамын, оған толықтай сенім артамыз. Ол өте талантты ойыншы. Ол тезірек өз бабына оралу үшін ертең «Қайрат-Жас» сапында алаңға шығады. Оған қоса, осы аптада Сергей Политевич 2-3 аптаға қатардан шығып қалды.

- Исламханның жоқтығы «Қайраттың» ойынына әсерін тигізе ме?

- Біз Исламханның жоқтығын ұжымдық футбол есебінен өтеуге тырысамыз. Бауыржан шабуылға өз үлесін қосатыны түсінікті. Алайда біз ақталуға тырыспаймыз, қатардағы футболшылармен жұмыс істеуді жалғастыра берм екпіз.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»