«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Маусымды жеңіспен бастағанымызға қуаныштымын»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Маусымды жеңіспен бастағанымызға қуаныштымын»

10 марта 2019
/ 00:00

Алексей Шпилевский, «Қайрат» ФК бас бапкері:

Жеңіске жеткенімізге көңілім толады. Әлі ойынымыз тұрақталмағанын түсінеміз. Бізге уақыт қажет. Барлық команда үшін бұл екінші не үшінші ойын болды. Футболшылар әлі бабында емес екені білініп тұр. Дегенмен жалпы ойынымыз жақсы. Маусымды жеңіспен бастағанымызға қуаныштымын. 

- 2:0 есебімен жеңіс жақсы бастама. Команда әлі де болсын бірінші орын мен еурокубоктың топтық кезеңіне өтуді көздейді ме?

- Алдына ала болжағым келмейді. Қазіргі мақсат, бүгінгі ойынды сараптап, зерделеп шығу. Сосын «Шахтерге» қарсы кезедсуде дайындалу. Әрине, барынша үлкен мақсат қоятынымыз түсінікті. Бірақ дәл қазір біз ойынымызды түзеп алуымыз қажет. Сол кезде ғана алға ілгерілеу болады. 

- Хан Чжон Вудың ойыны қалай?

- Енді ғана 20 жасқа толған дарынды ойыншы. Ересектер арасындағы алғашқы маусымын бастады. Біз даму бағытын таңдадық - жас дарынды футболшыларға иек артамыз. Сәл шыдам қажет. Ең бастысы біз, бапкерлер, оған сенім артқанымыз. Олардың қателесетіні түсінікті, ал Ханға келер болсақ оған енді ғана 20 болды.

- Еркебұлан Тұңғышбаев Ханға қарағанда жақсы ойнайтын секілді ме?

- Біз ойыншыларды күнде, әр жаттығуда көреміз. Сол үшін де осындай шешімге келді. Ол өте дарынды, бірақ футбол тек допты тебумен ғана шектелмейтінін түсіну қажет. Бұл жағынан оның үйренері көп. Бізде тек 11 футболшы ғана емес. Команадада бәсекелестік жоғары. 

Сөзімді құттықтаумен аяқтағым келеді. Құрылғанына 5 жыл толған «Алма-Атинец Ультрас» жанкүйерлер-қозғалысына алғысымды айтқым келеді. Мерейтойларымен құттықтап, қолдаулары үшін рақметімді айтамын. 

 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»