«Қайраттың» биылғы екінші оқу-жаттығу жиыны мәресіне жетті. Бұл кезеңде алматылық команданың дайындық үдерісі 22 қаңтар мен 3 ақпан арасында Түркиядағы Жер Орта теңізінің жағалауында өтті.
Жиында жаттығу өткізу үшін «Қайрат» халықаралық стандарттарға сай салынған Gloria Sports Arena стадионының спорттық нысандарын таңдады.
ОЖЖ-да екі жолдастық матч ойналды. Алғашқы ойында қайраттықтар ресейлік «Чайканы» сенімді ұтты – 3:1. Ал екінші жолдастық кездесу нәтижелі болды, Босния және Герцеговинаның «Вележ» клубына қарсы ойын 3:3 есебімен аяқталды.
- Алдыңғы жиындағыдай мұнда да өзіміздің алдымызға қойған мақсаттарымыздың бәрін орындадық, - дейді «Қайрат» ФК аға бапкері Алексей Шпилевский. – Мойындайын, бапкерлік штаб жақсы көңіл-күйде. Команда қара тері шыққанша еңбек етті, маңыздысы, ниет-жігерлері болды. Біз көп еңбекті қажет ететін жұмыстарды атқардық. «Қайраттың» атмосферасы әдеттегідей жоғары. Ойыншылар тезірек ең оңтайлы қалыптарына келуді қалап жүр. Бапкерлер қойылған тапсырмаларды орындау үшін қажетті кесте бойынша жұмыс істеуде. Бұл бәріміздің де дұрыс жолмен келе жатқанымызды көрсетеді.
- Жақында кей басылымдар «Қайраттың» Түркиядағы жолдастық матчтарда таңдаған қарсыластарын сынаған болатын. Көбі жоғарыда аталған спарринг-әріптестердің пайдасыз және қауқарсыз екенін айтып жатыр...
- Мұнда біз Еуропадағы беделді командалардың стратегиясын қолданғанымызды түсіндіре кетейік, олар жиындағы алғашқы матчтарында қарсылас ретінде аса азулы емес футбол клубтарын таңдайды. Себебі өз шыңына енді өрмелеп келе жатқан қарсыластар үшін атақты клубпен ойнау өз тарихындағы маңызды жағдаймен тең болады. «Қайрат» ондаған жылдар бойы елдің аузында және фавориттер қатарында болып жүр. Әрине, сәл осалдау командалар бізбен ең соңғы кездесуі секілді ойнайды. Жиынға қойылған мақсатқа сай, біз осындай жағдайда ойнауға тырыстық, яғни, қарсылас ретінде жігерлерген командаларды таңдады. Себебі Қазақстан чемпионаты мен ел Кубогында «Қайраттың» матчтары осындай жағдайда болатыны жасырын емес. Жоғарыда айтылғандар бойынша, біз жақын арада тап болатын жағдайларды ескеріп, оларды жиында ойнап көруді ұйғардық. Әрине, «Қайрат» ерік-жігері мықты командаларға қарсы бұрыннан да ойнап келеді, бірақ сол тәжірибені сақтап қалу маңызды.
- Деңгейі сәл төмендеу, бірақ азуын батыра алатын қарсыластармен ойынның дайындыққа маңыздылығы бойынша мысал келтіре аласыз ба?
- Әрине. Олардың бәрі «су бетінде» тұр. Бәрінің есінде болар, жақында Германия кубогының бірінші кезеңінде Бундеслигада ойнайтын «Штутгарт» ұшып кеткен болатын. Айқын фаворит саналған бұл футбол клубы үшінші дивизионда өнер көрсететін ростовскілік «Ганзеге» жол берді. Тосынсый жасай алатын «Аталантаға» қарсы ойнаған «Ювентустың» Италия кубогынан ұшып кетуі де сенсация болған еді. Көп жағдайда грандтар оңай қарсыластардан ұтылып қалып жатады, себебі аса атақты емес командалардың бар күшін салып ойнайтынына дайын болмай шығады. Осы ОЖЖ-да таңдаған қарсыластарымыздың өзектілігін осыған дейін күмән келтірген адамдарға түсінікті болды деп үміттенемін. Бұл жерде бізге өте жігерлі командаларға қарсы кездесуде функциялық ойын байланыстарын шыңдау керек екенін ұмытпаған жөн. Сеніңіздер, керісінше жағдайда біз көп нәрсе ұта қоймас едік. Өздеріңіз ойлаңыздаршы. Біз бірден ұлы командалардың бірімен ойнап, тіпті, ірі есеппен ұтылып қалдық делік. Соның салдарынан қосымша қалыпқа келу жұмысын жасауға тура келеді. Оның ішінде, психологиялық жай-күйді де ретке келтіру керек. Одан бөлек, өзара ойнау бойынша да көп нәрсеге қол жеткізе қоймас едік, себебі ойыншылар нәтиже үшін бар күшін салар еді. Әрине, бұл тұрғыда да ойыншылардың табандылығы маңызды. Бұл бағытта да көп жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ өткен жиында бірінші орында команданың өзара байланысын жақсарту, ойыншылардың бір-бірін бірден түсінуі тұрды. Жігіттер бір-бірін толық түсініп кетуі қажет, бір-біріне сенуі керек. Ақырын-ақырын бұл қолымыздан келіп жатыр.