«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский клуб қызметкерлерімен кездесу өткізді
Клуб жаңалықтары

Алексей Шпилевский клуб қызметкерлерімен кездесу өткізді

14 января 2019
/ 00:00

Негізгі команданың бапкерлік штабы мен алматылық «Қайраттың» кеңселік қызметкерлері Т. С. Сегізбаев атындағы Академия қабырғасында ресми кездесу өткізді.

Осылайша, кездесудің басты мақсаты клубтың негізгі командасы мен кеңселік бөлім қызметкерлері арасындағы коммуникация мен кері байланыс болды. «Сары-қаралар» бапкерінің айтуынша, жаңа футбол кампаниясы басталар алдында біртұтас отбасы болу керек.

Алексей Шпилевский клуб штатына жаңартылған бапкерлік штабты таныстырып, тараптардың арасындағы өзара байланысты қалай көретінін айтты. Өз кезегінде, қызметкерлер негізгі команданың жұмысына қатысты өздерін қызықтырған сұрақтарды қою мүмкіндігін алды. Ал алматылық «Қайраттың» аңызға айналған ардагері Құралбек Ордабаев мамандарға алға қойған мақсаттарына жету жолында сәттілік тілеп, тұтас ұжым болуға шақырды. 

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»