«Қайрат» – «Ақтөбе» матчының алдында ҚКФЛ басшысы Олжас Абраев естелік мүсіншемен «сары-қаралардың» бас бапкері Алексей Шпилевскийді марапаттады. Алматылықтардың тәлімгері қыркүйек айының үздік жаттықтырушысы атанды.
Қыркүйекте Премьер-Лига клубтарының барлық тәлімгерлері ҚПЛ үздік жаттықтырушысы атағы үшін дауыс беруге қатысты. «Қайраттың» жетекшісі Алексей Шпилевскийге төрт маман дауыс берді. Осылайша, «сары-қаралардың» тәлімгері құрмет наградасының екі дүркін иегері атанды. Ол бұрын шілде айының үздік жаттықтырушысы боп танылған. Құттықтаймыз!