«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Ертіс» біздің қақпаға бес рет соққы жасап, бес гол соқты»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Ертіс» біздің қақпаға бес рет соққы жасап, бес гол соқты»

03 ноября 2019
/ 11:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Ертіске» қарсы матчқа түсініктеме берді.

 - Мұндай тартысты матчтан кейін сөз табу қиын. Барлығының көңіл-күйі жоқ. Бүгін біз тағы да үш рет тоқсан минуттан ойнайтын болсақ та,  гол соқпайтын едік. Мұндай ойындар болады. Бірінші таймда бізде сәттер болды. Мен Конрад Вржещиньскийде фол және де Мартон Эппельде офсайд болды ма білмеймін, эпизодтарды көрмедім. Бірақ осы сәттерден басқа бізде көптеген мүмкіндіктер болды. «Ертіс» біздің қақпаға бес рет соққы жасап, бес гол соқты. «Дежавю» сезімі. «Тобылға» қарсы кубоктық матчта ұқсас бірдеңе болды. Біз талдау жасаймыз. Біз бұл матчтың сырттағы қиын матчтардың бірі болатынын білдік. Бізге ешқандай жағдайда оңайлықпен ұпай беремейтін командамен ойнадық. Өкінішке орай, мұндай матч чемпионаттың соңында өтті. Бізде бір матч қалды. Оны ұтып, нөлге ойнау керек. Біз жанкүйерлерге жеңіс сыйлауымыз керек, өйткені олар оған лайық. Павлодар қаласында бізге қолдау көрсеткендері үшін оларға көп рахмет.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»