«Қайрат» ФК бас бапкері Алексей Шпилевский: Қайырлы кеш. Ертең бізді жеңіске жететін, қағидатты матч күтіп тұр. Мен өз командама сенемін. Ертең команда қарсы тұрып, алаңда жүрегі мен жанын қалдырады. Біз өздеріміздің жанкүйерлерімізге мереке жасауға дайынбыз. Бірінші ойында жасай алмағанымызды жөндеуге тырысамыз. Бірінші минуттан бастап, біз үлкен жеңіске қол жеткізгіміз келетіндігін көрсетіп ойнаймыз. Ертең алаңға ең жақсы «Қайрат» шығатындығына сенімдімін.
- Ертеңгі матчтың нәтижесі көбіне команданың бірінші минуттарда гол соғу-соқпауына байланысты. Ойынның алғашқы 15 минутында гол соғу керек деген бағдар болама.
- Алғашқы он бес минутта ма, кейін бе гол соғатындығымыз маңызды емес, маңыздысы кем дегенде төрт гол соғу. Матч тоқсан минут болады. Сондықтан да біз алғашқы минуттардан бастап шабуылдаймыз. Жоғалтатын ештеңе жоқ. Стратегияны ашпаймын. Бір зат анық: ертең біз үнемі қарсыласқа қысым көрсетеміз.
- Бірінші матчта әділ төрешілік болды деп ойлайсыз ба? Мысалға, төрешінің голды есептемегені.
- Қазір біреуге кінә арту дұрыс емес. Матчты талқылау. Матчтың нәтижесін өзгерте алмайсың. Ертеңгі матчқа әсер етуге болады. Ертең бізге төрешілер құрамына себеп бермеу керек. Бұл қағаздарға да қатысты. Біз әділ төрешілікке үміттенеміз. Ал өткен матчты өзгертуге болмайды.
- «Қайрат» ФК жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат:
- Қайырлы кеш! Барлықтарыңызды көргеніме қуаныштымын. Ертеңгі матч мүлдем басқаша болады деп ойлаймын. Беэр-Шевадағыдай емес. Команда жүз пайызға емес, екі жүз немесе үш жүз пайызға дайын. Біз алаңда барымызды саламыз. Тек жеңіс үшін ойнаймыз.
- Исламбек, бірінші матчта командада қателіктер болды, нәтижесі 0:2 есебіне әкелді. Бірінші минуттардан шабуылға жүгіресіңдер ме? Ойынға бағдарларың қалай?
-Бірінші ойында ойлағанымызды жасай алмадық. Енді біз қарсыласты анағұрлым жақсы білеміз. Сондықтан да екі голға айырмашылық үкім емес. Біз күресеміз, ойынға жанымызды саламыз. Біз жеңіске қарай алға ұмтыламыз.