«Қайрат» футбол клубы

«Қайрат» футбол клубы

Алексей Шпилевский: «Екінші таймда жігіттер өз бет-бейнесін көрсетті»
Қайрат

Алексей Шпилевский: «Екінші таймда жігіттер өз бет-бейнесін көрсетті»

07 марта 2020
/ 12:00

«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский матчтан кейінгі баспасөз мәслихатында «Таразға» қарсы матчты қорытындылады.

- Барлықтарыңызды маусымның басталуымен құттықтаймын. Әрине, басқа ауа-райын күттік, бірақ бұл ешқандай да сылтау емес. Бірінші тайм біз үшін өте ауыр болды. Біздің әлі чемпионаттың шынайылығына енбегенімізге, бізді не күтіп тұрғанын сезінбеуімізге, ойластырылған нәрсені орындамағанымызға менің көңілім толмады. Екінші таймда жігіттер өз бет-бейнесін көрсетті: басқаша жылдамдық, басқа агрессия. Соңында біз орнымен жеңіске жеттік. Алаңды жақсы дайындай білген көгалға жауапты қараушылар командасына, оның ішінде Виктор Яроменкоға арнайы алғыс айтқым келеді.

- Кешегі ашық жаттығудан, сондай-ақ Түркияда өткен жиындардағы сәтті ойындардан кейін көбісі «Қайрат» «Таразды» оңайлықпен жеңеді деп күтті. Ал бұл ойында біз «Қайраттың» сақтықпен ойнағанын көрдік.

- Кеше біз алты да алты болып екі минуттан екі серия ойнадық, сондықтан да жаттығу мен ойын арасында ешқандай параллельді іздеудің қажеті жоқ. Түркияда біз тек Ресейдің ғана емес, басқа да топ-командаларға қарсы ойнадық, ол жақта басқа ойын болды. Онда қарсылас өзін фаворит сезінді. Бізге оңай болмаса да, біз доп алып қойғанда тез ауысулар жасай аллдық. Қарсылас бізбен ойнағысы келді. Бүгін, басқаша болды. Біздің чемпионаттағы көптеген командалар бізге қарсы ойнағысы келмейді, өз алаңдарында жабылып алады. Бұл ойын үшін бізге белгілі бір жылдамдық қажет, ал ол бүгін болған жоқ. Біз "Таразды" оп-оңай жеңе саламыз деп айту – менсінбеушілік болар еді, өйткені барлығы артқа қайтып та, алға шыға да біледі, күресіп те, сайыса да біледі. Біз сақтықпен әрекет еттік дегенмен келісемін, кей жерлерде ашу да болды. Дегенмен, бірінші ойынды жеңіспен бастағымыз келді. Мен бірінші таймға көңілім толмады, бірақ екінші таймға ризамын.

- Бүгін екі негізгі ойыншы – Эсеола мен Абикен шыққан жоқ. Олардың жарақаттары қаншалықты ауыр?

- Адеринсола "Зенит" матчында голеностопына зақым алды. Бүгін біз базада ойын тәжірибесі аз немесе мүлдем ойнамайтын жігіттермен, мысалы, Эсеоламен  жаттығу өткіземіз. Кеше ол ауырсынып жүрді. "Оқжетпеспен" өтетін матчқа дайын бола ма, көреміз. Абикеннің өткен аптада тамағы ауырды, сондықтан көп жаттығуларды жіберіп алды. Бүгін оның бірінші температурасыз күні. Дүйсенбі күні ол жалпы топқа қосылады деп есептейміз.

- Клубта тек екі ғана номиналды орталық қорғаушылары бар, жаңа қорғаушылармен толықтыру күтілуде ме?

- Иә, олар болады. Жақын арада деп үміттенемін. Барлығы түсіну қажет, біз қателеспеу үшін ойыншыларды мұқият, әр позицияға лайықтап таңдаймыз. Егер жиындағы ойындарда Дугалич пен Әліптің жұп болып қалай әрекет еткенін байқасаңыз, оларға тиісті алмасу табу қиын.

arrow-prev
arrow-next

Поделиться

Біздің серіктестер

close

Единый личный кабинет ФК «Кайрат»