«Қайрат» ФК бас бапкері Алексей Шпилевский:
- Біз бірінші таймды өте жақсы өткізгеніміздің арқасында әділетті жеңіске жеттік. Екінші таймда қажетті тығыздық пен жинақылық болмады. Қарсыласымызға мүмкіндік жасауға жол бердік. Екінші таймда бізде 2-3 жақсы мүмкіндік болды. Жақсы қарымта шабуылдар жасадық. Мен бірінші таймға өте ризамын және командаға үзіліске дейінгі ойын үшін алғыс айтамын. Ал екінші тайм көңілімнен шықпады.
Мен команданың өсіп келе жатқанын байқадым. Біз үшінші тур мен «Ақтөбеге» қарсы матчты асыға күттік. Екінші турдан кейін ұлттық құрамалардың матчтары өткен кезде өте ұзақ уақыт ойнамадық. Бірақ біз бұл уақытты пайдалы өткіздік.
Бүгін матчқа жиналған жанкүйерлерімізге де алғыс айтқым келеді. Қостанайда біздің клубтың жанкүйерлері бар екені өте жағымды. Оларға үлкен рақмет.
- Екінші таймда жасаған ауысымдарыңыз команданы бір сілкіп алу үшін қажет болды ма?
- Иә, солай деуге болады. Біз артқы шепте өз аймақтарын жабуға үлгермей жатқан қапталдағы ойыншылар Конрад Вржешиньский және Сұлтанбек Астановты ауыстырдық. Бұдан басқа, біз жүйені өзгерттік. 4-2-2-2 бойынша әрекет ете бастады. Ең бастысы, жеңіске жеттік. Қазір бұл өте маңызды.
- Жылдам гол соғуға иек арттыңыздар ма?
- Біз әрқашан мүмкіндігінше көп гол соғуға тырысамыз. Бұл кездесудің басында немесе аяғында ма – маңызды емес. Біз допты тартып алған соң тез гол соғуға тырысамыз. Бірінші гол соғылған жағдайда, соны көрсеттік.