«Қайраттың» бас бапкері Алексей Шпилевский «Ордабасыға» қарсы матчтағы «сары-қаралардың» ірі жеңісі туралы пікірін білдірді.
- Алдыңғы айналымда бізді жеңген қарсыласымыздан есе қайтарғанымызға өте қуаныштымыз. Бірінші тайм өте жақсы өтті. Мен осы маусымдағы ең жақсыларының бірі деп айтар едім. Екінші тайм - әрине, команда жеңді - бұл ондай агрессия емес еді, сондықтан да менің екінші таймға аса көңілім толмады. Бірақ біз бүгін бастысы сенімді жеңдік. Мен уайымдамадым, еш алаңдамадым, өйткені біздің команда бүгін «Ордабасыны» жеңетінін білдім. Біз қуатталып, функционалды дайын болдық. Әрі қарай жұмыс істеу керек. Бес матч қалды. Олардың әрқайсысында жеңіске жетуіміз керек.
- Екі шабуылшымен ойынға ауысу «Қайратқа» көп гол соғуға көмектесті. Сонымен қатар, қазір стандарттарды ойнатқанда команданың өте қауіпті әрекет ететіні байқалады.
- Бізде екі биік орталық шабуылшының бар болғандығы сәттілік. Сонымен қатар, айып алаңында стандарттарда көмекке келетін ойыншылар да бар. Мартон Эппель мен Адеринсола Эсеола екеуінің де дайындығы жақсы. Оларды алғашқы минуттардан шығармау қиын. Одан басқа ойында ауысулар жоқ. Мен бүгін Слава Швыревтің гол соққанына өте қуаныштымын. Шындықты бұрмалағанды ұнататын sports.kz сайтына сәлем. Мен олардың материалдарын оқыдым, онда олар жастарды шығармайды деп жазды. Кездесулерімізді тағы бір рет талдап көрсін. Олар біздің командада қанша құрама ойыншысы барын, ал басқаларында қанша ойыншы құрамада ойнайтынын санап көрсін.
- Бүгін Еркебұлан Сейдахмет неге ойнамады?
- Жаттығу кезінде оған аздап зақым келді. Бірнеше күн бойы жаттығудан шеттетілді. Келесі аптада ол жалпы топта жұмыс істей бастайды деп сенемін.